Ғалымдар мен шейхтарға қызмет етудің маңыздылығы.
Біліп қойыңдар, ғалымдар мен шейхтарға қызмет ету — маңызды іс. Оларға қызмет етудегі мақсат — басқа адамдар атқара алатын күнделікті жұмыстар мен ұсақ-түйек істерге оларды алаңдатпау. Осылайша олар өздерінен басқа адамдар атқара алмайтын үлкен міндеттер мен діни жауапкершіліктерді орындауға мүмкіндік алады. Сөйтіп, өздерінің ғылыми қабілеттері мен ой-санасының күшін үлкен істерге және өзгелер атқара алмайтын маңызды жұмыстарға жұмсайды.
Сондықтан ғалымдарға, фақиһтарға, шейхтарға және дінге шақырушыларға қызмет етумен айналысыңдар. Оларды күнделікті ұсақ-түйек жұмыстармен әуре етпей, сол істердің ауыртпалығын өз мойындарыңа алыңдар. Сонда олар діни, білім беру және тәрбиелік міндеттерін, сондай-ақ дінге шақыру мен пәтуа беру қызметтерін көңілдері жай, алаңсыз атқара алады.
Осы арқылы оларға қызмет еткен шәкірттері мен жақсы көретін жандар да ғалымдардың осындай ұлы діни істерге уақыт бөлуіне жағдай жасағандары үшін олардың сауабынан кем-кетіксіз өз үлестерін алады.
Сондықтан ғалымдарға, шейхтарға және дінге шақырушыларға осындай ниетпен қызмет ету — олардың атқарып жатқан үлкен діни істерінің сауабына ортақтасуға себеп болатынын білулерің керек.