Yesterday

Имам әл-Ғазали Имам Әбу Ханифаны даттағаны рас па?

Әл-Ғазали «Әл-Манхул» кітабының 584-бетінде былай деген: «Әбу Ханифаға келетін болсақ, ол муджтаһид болған жоқ, өйткені араб тілін жетік білмеген. Бұған дәлел: «...» (яғни, араб тілі ережесіне қатысты мысал келтіріледі). Ол хадистерді білмеген, сондықтан әлсіз хадистерді дәлел ретінде қабылдап, сахих хадистерді алмаған. Ол фақиһ болмаған, бәлки фиқһ негіздеріне қайшы келді және бұл оның екі мазхабына кітаптың соңында қандай тарауды белгілейтінімізден анық көрінеді».

Бұл сөздерді әл-Ғазали жас кезінде, шамамен 20 жасында айтқан, бұл ол өзінің күмәндануынан тәубеге келмес бұрын болған. Мұны Мулла Әли әл-Қари өзінің имам әл-Харамаинға қарсы жауап кітабында былай деп жазды: «Содан кейін мен имам әл-Курдаридің әл-Ғазалиге қарсы кітап жазып жатқанын көрдім. Әл-Ғазали, одан жеткен хабар бойынша, өзінің «әл-Манхул» кітабында Әбу Ханифаға қарсы ауыр сын айтқан. Мүмкін ол кісі Әбу Ханифа мен оның көрнекті шәкірттері туралы білмей, (имамдар туралы) адасушылық кезінде, оның әулиелердің жолына түсіп, «әл-Ихия» кітабын жазудан бұрын болған болуы мүмкін. (Өйткені) «әл-Ихия» кітабында (әл-Ғазали) басқа ғалымдармен бірге Имам Ағзамды қатты мақтайды».

Мулла Әли әл-Қаридің айтқанының растайтын нәрсе – Имам әл-Ғазалидің «Ихия» кітабында Әбу Ханифаның өмірбаянын жазып, оны мадақтауы.

Ибраһим бин Әби әл-Йаман әл-Ханафи «Лисан әл-хуккам фи мәғрифат әл-ахкам» (310-бетінде) былай деген: «Бұл сөз грамматика ғылымында кейбір надандардың Әбу Ханифадан тиесілі ететін сөздердің бірі. Әл-Қудури (Әбу Ханифа араб тілінен қателесті деп келтіретін сөздері туралы): «Бұл Әбу Ханифадан дәлелденбеген және оның кітабында да (жала жабушылар келтірген мысал) жоқ, ал егер тіпті ол одан дәлелденген болса, онда ол кейбір арабтардың тілі болып табылады».

Кейін Мулла Әли әл-Қари өзінің «Мирқату әл-Мәфәтих» кітабында Әбу Ханифаға жатқызылатын араб тіліндегі қателік мәселесін ашық түсіндіріп береді (мұны түсіну үшін араб тілін білу керек, сондықтан тек мәтінді ғана келтіріп, аударуды жөн көрмедім)

وقال الملا علي القاري في مرقاة المفاتيح: " ... ضرب رجلا بصخرة فمات لا قصاص عليه قيل لأبي حنيفة أرأيت إن كانت صخرة عظيمة فقال وإن ضربه بجبل أبي قبيس وقيل لفظ أبي حنيفة بجبل أبا قبيس، لا يجب القصاص وهي مسئلة القتل بالمثقل وهذا اللفظ مما أخذه بعض الجهال على أبي حنيفة في علم الأعراب فقال الصواب بجبل أبي قبيس قال القدوري رحمه الله لم يثبت هذا عن أبي حنيفة ولم يوجد في كتابه فإن ثبت فهو لغة بعض العرب لأن بين الحارث بن كعب يقولون بها وقال سيبويه هذا هو القياس وقد جاء القرآن بذلك في قوله تعالى إن هذان لساحران طه وقال القائل إن أباها وأبا أباها قد بلغا في المجد غايتاها ولأن اللفظ إذا تعارفه العامة صح للمتكلم أن يتكلم به كذلك وإن كان فيه نوع خلل إذا كان قصده تفهيم العامة لأنه أبلغ في تحصيل المقصود وقد فعل ذلك الإمام محمد في مواضع لا يظن به أن ذلك اشتبه عليه". انتهى