Ханафи мәзһабындағы паранджаның үкімі
1. Имам әл-Матуридидің (һиджраның 333 жылы өмірден өтті) «Тәуиләт әһли ас-сунна» (4\136) кітабында:
«وفي الآية دلالة رخصة خروج الجرائر للحوائج، لأنه لو لم يجر لهن الخروج لم يؤمرن بإرخاء الجلباب على أنفسهن، ولكن نهاهن عن الخروج بغير جلباب فدل أنه يجوز لهن الخروج للحاجة؛ والله أعلم».
«Аятта әйелдер себеппен сыртқа шығуына рұқсат етілгеніне нұсқау бар, өйткені егер олар сыртқа шығуға рұқсат етілмесе, онда олар үстіне джилбаб жабынуға бұйырылмас еді. Дұрысын Аллаһ білуші».
2. Имам Хаким әш-Шәһидтің (һиджраның 334 жылы өмірден өтті) «әл-Мунтақа» кітабында (1\81):
«وفي المنتقى تمنع الشابة عن كشف وجهها لئلا يؤدي إلى الفتنة وفي زماننا المنع واجب بل فرض لغلبة الفساد ». وفي مجموعة الغرائب ق215/ب:«تمنع المرأة الشابة من كشف وجهها بين الرجال في زماننا في رواية المنتقى».
«Фитна себепті жас қыздар жүздерін ашып жүруге тыйым салады. Ал біздің заманымызда әйел жүзін жабып жүруі уәжіп, бәлки бұзықтық көбею себепті беттерін жабу парыз». «Маджмуғату әл-Ғараиб» кітабында: ««Әл-Мунтақа» кітабында келген риуаятта біздің заманда жас қыздар бөтен еркектің алдында жүздерін ашуына тыйым салынады»».
3. Имам ән-Натифидің (һиджраның 446 жылы өмірден өтті) «Уәқиға» кітабы кітабында (3\499):
«ذكر في «واقعات الناطفي» أن المرأة المحرمة ترخي على وجهها خرقة، وتجافي عن وجهها، ودلت هذه المسألة على أن المرأة منهية عن إظهار وجهها للرجال من غير ضرورة؛ لأنها منهية عن تغطية الوجه لحق نسك، لولا أن الأمر كذلك، وإلا لما تؤمر بهذا الإرخاء».
«Ихрам киген әйел бетіне тиіп тұрмайтындай етіп мата түсіретіндігі айтылған. Бұл мәселе аса қажеттілік болмаса әйел бөтен еркектерге жүзін көрсетуге тыйым салынғанын көрсетеді. Өйткені қажылық кезінде жүзді жабуға тыйым салынған, егер олай болмағанда еді, ихрамдағы әйел жүзін матамен жабуға бұйрылмас еді».
4. Имам Қадиханның (һиджраның 592 жылы өмірден өтті) «Фәтәуә Қадихан» кітабында (1\286):
«وإن أرخت شيئاً على وجهها تجافي وجهها لا بأس به فدلت المسألة على أنها لا تكشف وجهها على الأجانب من غير ضرورة».
«Егер [ихрамдағы] әйел матаны бетіне тигізбей қойса, онда оның еш айыбы жоқ, бұл мәселе әйелдің бөтен еркектердің құзырында аса қажеттіліксіз бетін ашпау керектігін көрсетеді».
5. Имам әл-Марғинанидің (һиджраның 593 жылы өмірден өтті) «әт-Тәджнис уә әл-Мәзид» кітабында (2\479):
«المرأة المحرمة ترخي على وجهها خرقة وتجافي عن وجهها، دلت المسألة على أن المرأة منهية عن إظهار وجهها للأجانب من غير ضرورة لأنها منهية عن تغطية الوجه لحق النسك لولا أن الأمر كذلك لم يكن لهذا إلارخاء فائدة».
«Ихрамдағы әйел бетіне тигізбей мата түсіреді, бұл мәселе әйелдің бөтен еркектерге аса қажеттіліксіз бетін ашпау керектігін көрсетеді. Өйткені қажылық кезінже әйел адам жүзін жабуға тыйым салынған, егер олай болмағанда еді, онда қажылықта да жүзін жабу бұйрығында еш пайда жоқ еді».
6. Имам әл-Кирманидің (һиджраның 600 жылы өмірден өтті) «әл-Мәсәлик фи әл-Мәнәсик» кітабында (1\356):
«ولا تكون مكشوفة الوجه، كيلا يؤدي إلى الفتنة».
«Фитнаға жол бермес үшін әйел жүзін ашпайды».
7. Имам Махмуд әл-Бухаридің (һиджраның 616 жылы өмірден өтті) «әл-Мухит әл-Бурһани» кітабында (3\499):
«ذكر في «واقعات الناطفي» أن المرأة المحرمة ترخي على وجهها خرقة، وتجافي عن وجهها، ودلت هذه المسألة على أن المرأة منهية عن إظهار وجهها للرجال من غير ضرورة؛ لأنها منهية عن تغطية الوجه لحق نسك، لولا أن الأمر كذلك، وإلا لما تؤمر بهذا الإرخاء».
««Уақиғат әл-Нәтифиде» ихрамдағы әйел бетіне тиіп тұрмайтындай етіп мата түсіретіндігі айтылған. Бұл мәселе әйел адам аса қажеттіліксіз бөтен еркектерге жүзін көрсетуге тыйым салынғанын көрсетеді. Өйткені қажылық үшін жүзді жабуға тыйым салынған, егер олай болмағанда еді, онда қажылықта жүзін жабуға бұйырылмас еді».
8. Имам Махмуд әл-Бухаридің (һиджраның 616 жылы өмірден өтті) «әз-Зәхира әл-Бурһания» кітабында (2\622):
«و في «الأصل»: «المرأة المحرمة ترخي على وجهها بخرقة، وتجافي عن وجهها» قالوا: هذه المسألة دليل على أن المرأة منهية عن إظهار وجهها للرجال من غير ضرورة؛ لأنها منهية عن تغطية الوجه لأجل نسك، لولا أن الأمر كذلك، وإلا لما أمرت بهذا الإرخاء».ومثله في منحة الخالق 2/381 (ط.علمية 2/622).
«««Әл-Асл» кітабында: «Ихрамдағы әйел бетіне матаны тигізбей жауып қояды». Айтты: «Бұл мәселе әйелге дарурасыз жүзін бөтен еркектерге көрсетуге тыйым салынғанына дәлел. Өйткені қажылық үшін жүзді жабуға тыйым салынған, егер олай болмағанда еді, онда қажылықта жүзін жабуға бұйырылмас еді».
9. Имам әс-Суннани (һиджраның 700 жылы өмірден өтті)«Нисаб әл-Ихтисаб» кітабында (132 бет):
«مسألة: الحرة تمنع من كشف الوجه والكف والقدم فيما يقع عليه نظر الأجنبي لأنها لا تأمن عن شهوة بعض الناظرين إليها».
«Мәселе: Азат әйелге бөтен еркектің назары түсетіндіктен, жүзі мен аяқ-қолын аяғын ашуға тыйым салынады, өйткені ол өзіне қарағандардың кейбірінің шаһуатынан қорғанбаған».
10. Имам әс-Сығнақи (қазақ жерінің ғалымы, һиджраның 714 жылы өмірден өтті) «ән-Ниһая» кітабында (1\713):
«قال صاحب النهاية: واعلم أن سدل الشيء على وجهها واجب عليها».
«Әйел бетін жабуы уәжіп екенін біл».
11. Имам ибн әл-Һумам (һиджраның 861 жылы өмірден өтті) «Фәтху әл-Қадир» кітабында (2\405):
«ودلت المسألة على أن المرأة منهية عن إبداء وجهها للأجانب بلا ضرورة، وكذا دل الحديث عليه».
«Бұл мәселе әйелдің бөтен ер адамдарға дарурасыз жүзін ашуға тыйым салынғанына нұсқайды және хадисте де осыған нұсқау бар».
12. Имам әл-Қуһустани (һиджраның 950 жылы өмірден өтті)«Джәмиғу ар-Румуз» кітабында (2\305):
«وهذا في زمانهم، وأما في زماننا فمنع من الشابة» و في النهاية 1/415 ونصه :«أن السدل واجب».
«Бұл олардың заманында болған, ал біздің заманда жас әйелге бетін ашуға тыйым салынған» және «ән-Ниһая» 1/415 кітабында: « Әйелдер беттерін жабуы уәжіп» делінген».
13. Имам ибн Нуджәйм (һиджраның 970 жылы өмірден өтті)«Әл-Бахру ар-Раиқ шарх Кәнз ад-Дақаиқ» кітабында (1\284):
«قال مشايخنا تمنع المرأة الشابة من كشف وجهها بين الرجال في زماننا للفتنة».
«Шейхтарымыз біздің заманда фитна себепті жас әйелге ерлердің арасында бетін ашуға тыйым салынғанын айтқан».
14. Имам Синән әл-Хәлуәти (һиджраның 989 жылы өмірден өтті)«Қуррату әл-ғуйун фи мәнәсик әл-хадж» кітабында:
قرة العيون في مناسك الحج ق44/أ ونصه: «ويجب عليها أن تسدل شيئا على وجهها وتجافيه عن وجهها».
«Ихрамдағы әйел бетіне тиіп тұрмайтын қылып мата түсіруі уәжіп».
15. Мулла Әли әл-Қаридің (һиджраның 1014 жылы өмірден өтті) «әл-Мәнәсик» кітабында (115 бет):
«وفي النهاية: إن سدل الشيء على وجهها واجب عليها، ودلت المسألة على أن المرأة منهية عن إظهار ووجهها للأجانب بلا ضرورة».
««Ән-Ниһая» кітабында: «Әйел бетін жабуы уәжіп және бұл мәселе әйелдің бөтен ер адамдарға дарурасыз жүзін көрсетуге тыйым салынғанын көрсетеді»».
16. Имам әш-Шурунбуләлидің (һиджраның 1069 жылы өмірден өтті) «әд-Дурар» кітабына хашиясында (1\234):
«ودلت المسألة على أن المرأة منهية عن إبذال وجهها للأجانب بلا ضرورة».
«Бұл мәселе әйелге бөтен ер адамдарға дарурасыз жүзін көрсетуге тыйым салынғанын көрсетеді».
17. Шейх Зәәд әл-Эфэнди (һиджраның 1078 жылы өмірден өтті) «Мәджмәғу әл-Анһар» кітабында (1\81):
«وفي المنتقى تمنع الشابة عن كشف وجهها لئلا يؤدي إلى الفتنة وفي زماننا المنع واجب بل فرض لغلبة الفساد .وعن عائشة رضي الله تعالى عنها جميع بدن الحرة عورة إلا إحدى عينيها فحسب، لاندفاع الضرورة». و 1/285: «في النهاية أن السدل أوجب ودلت المسألة على أن المرأة لا تكشف وجهها للأجانب من غير ضرورة».
««Әл-Мунтақа» кітабында жас әйел фитнаға себеп үшін жүзін ашуға тыйым салады, ал біздің заманымызда бұзықтықтың кең етек алуына байланысты әйел адам жүзін жабуы уәжіп, керісінше парыз болып табылады. Айша анамыздан, Аллаһ одан разы болсын, азат әйелдің бір көзінен басқа бүкіл денесі әурет деп келеді. Және 1/285: ««Ән-Ниһая» кітабында: «Әйел бетін жабуы уәжіп және бұл мәселе әйел бөтен ер адамдарға дарурасыз жүзін көрсетуге тыйым салынғанын көрсетеді».