«Адал кәсіп қылу - жиһад!»
303. Әбу Ханифа, ол Хаммадтан,ол Сәғид ибн Джубәйрдан, ол Ибн Аббастан, Аллаһ екеуіне разы болсын: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер біреулеріңіз отбасы себепті түнін қапаланған және уайымдаған күйде өткізсе, ол адам Аллаһу Тағаланың құзырында Аллаһ жолында семсермен мың соққы жасаған адамнан абзал».
304. Әбу Ханифа, ол Атаадан, ол өз әкесінен, ол Сағдтан: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Аллаһ разылығы үшін тапқан әр нәпақаңа, тіпті әйелің жеген әр нанының тілімі үшін сауап аласың».
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Муснад әл-Имам әл-Әғзам» кітабында хадистің түсіндірмесінде (хадис нөмірі: 303 және 304) айтты:
«(«Егер біреулеріңіз отбасы себепті түнін қапаланған және уайымдаған күйде өткізсе) яғни, отбасын адал кәсіппен, ал кәсіптің адал болуы парыз айн, қалай бағамын деп жүрегі мұң басып ұйықтаса, (ол адам Аллаһу Тағаланың құзырында Аллаһ жолында семсермен мың соққы жасаған адамнан абзал»). Өйткені жиһадта соғысу көп жағдайда парыз кифая болады. Әл-Қадағи мен Әбу Нәғим ибн Аббастан риуаят еткен риуаятта: «Адал кәсіп қылу - жиһад!», имам ат-Табарани ибн Масғудтан: «Адал кәсіп қылу - парыз!», әд-Дәйләми Әнәстан: «Әрбір мұсылманның кәсібі адал болу міндет!» және ибн Әсәкир Әнәстан: «Кімде-кім халал кәсіп жолында өмірден озса, күнәлары кешірілген күйде өмірден озды», деп риуаят етеді».