Қарызды кешіру мәселесі
«Сосын, былай деп айту жеткілікті ме: «Мен саған қарыз едім, қарызымды кешіріп жіберші» немесе қарыздың нақты мөлшерін айтып кешірім сұрау керек пе? «Ән-Нәуәзил» кітабында айтты: «Бір адам екінші адамға белгілі бір мөлшерде қарыз және қарызының нақты мөлшерін білмейді. Сосын қарыз алушы адам: «Қарызымды кешіріп жібер» деп қарыздың нақты мөлшерін айтпай, жалпылама кешіруіне өтініш жасады, қарыз беруші де қарыздың нақты мөлшерін айтпастан жалпылама: «Кешірдім», деді. Насир, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, айтты: «Қарыз иесі жобалап ойлаған мөлшердегі қарызы ғана кешіріледі», яғни шамамен пәленше қарызы бар еді деп ойлаған соммасы ғана кешіріледі¹. Мухаммад ибн Сәлмә, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын: «Барлық қарызы кешіріледі» деді. Фақиһ Әбу әл-Ләйс айтты: «Қазылық жағынан Мухаммад ибн Сәлмәның сөзі алынады, ал ақыреттік мәселеде Насирдің сөзі алынады²». «Әл-Қуния» кітабында: «Егер біреудің басқа адамда ақылары болса, кейін зиян шеккен адам «хақыңды халал еттім» десе және ашықтап айтпады нақты қай ақысын кешіргенін, онда әлгі адам кешірілген болады, егер ақыларын ашықтап айтқан сәтте ол адам кешіретінің білсе. Ал егер ашықтап айтқан сәтте ақысын халал етпейтінің білсе, онда кешірілмейді³»».
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди, «Минхә ар-Рауда әл-Әзһар фи шарх әл-Фиқһу әл-Әкбар» , 437-438 бет.
¹Мысалы: қарыз беруші адам қарызгер оған 100 мың тг. қарыз деп ойлады және сол соманы ғана кешірдім деп ойласа, онда тек сол ойлаған 100 мың тг. қарызы ғана кешіріледі. ²Егер екеуінің ісі қазыға барса, онда қазы Мухаммад ибн Сәлмәның көзқарасымен үкім береді, ал ақыреттік (күнә) мәселеде Насирдің көзқарасымен үкім шығарамыз. ³Мысалы: бір адам екінші адамға кезінде көптеген зиян тигізді, кейін келіп ақысын халал етуін сұрады, еш нәрсе ашықтамады, әлгі зиян шегуші адам ақыңды халал еттім деп жалпылама айтса және егер кезіндегі әрбір зияның ашықтап айтқанның өзінде ол адам кешіретінің білсе, онда ол адам кешірілген болады; ал егер кезінде тигізген зияндарының бәрін ашықтап айтқанда кешірмейтін болса, онда кешірілмеген болады.