Кәпірлердің некелері
• Кәпірлердің (яғни, кітап иелерінің) өз діндері бойынша қиылған некелері біздің шариғатымызда дұрыс деп есептеледі, егер олар өз діндерінің үкімдері бойынша үйленген болса. Яғни: олар өз діндеріне сай дұрыс неке қиған болса – егер екі жұбай неке қиғаннан кейін Ислам қабылдаса, олардың некесі жарамды болады.
• Егер жұбайлардың бірі Ислам қабылдап, екіншісі қабылдамаса, араларында айырылысу жүзеге асады.
• Егер әйел Ислам қабылдап, күйеуі қабылдамаса: үш хайыз (етеккір) мерзімі өткенше әйелге басқа адамға тұрмысқа шығуына рұқсат етілмейді. Егер әйел жас болғандықтан немесе егде тартқандықтан хайыз көрмесе, онда үш ай күтіледі. Ал егер ол жүкті болса – босанғанша күтеді.
Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 292 бет.