Уаһабилердің білімге жасаған кезекті қиянаттары
Ханбалилердің шейхы Мансур ибн Юнус әл-Ханбалидің «ар-Рауда әл-Мурбиғ шарх Зәәдә әл-Мустақниғ» кітабына тахқиқ жазған Ибн әл-Қасим әл-Уәһабий ибн Тәймияның сөзін өзгертеді. Кітапта «кәпірлердің мейрамын тойлауға болмайтындығы туралы мәселеде»:
«Шейх (ибн Тәймия) және басқалары айтты: «... Бәлки кәпірлердің мейрамдары мұсылмандарға әдеттегідей күн секілді және ол күнді мұсылман, алдын айтқандай, ол күнді олар секілді (тәттілер пісіріп, дастарқан жайып, көңіл көтеріп, сыйлық беріп-алып деген секілді) ерекшелемейді. Мұны істеген адам күпірлік белгілерін ұлықтағаны үшін діннен шығып кәпір болатындығына ғалымдар арасында ешқандай талас жоқ».
Енді Ибн Тәймияның «христиандардың мейрамына жәрдем беріп, атсалысу рұқсат па?» деген сұраққа берген жауабының асыл пәтуасын көрейік («Мәджуғу әл-Фәтәуә»):
«... Өткен ізгілерден болған сәләфтар мен хәләфтар еш талассыз мұны мәкруһ көрді, бәлки бір топ ғалымдар мұны істеген адам күпірлік белгілерін ұлықтағаны үшін діннен шығып кәпір болады деген пікірді ұстанды».
Сөздің мағынасы қалай өзгеретінін көрдіңіз бе? Ибн Тәймия өзге дін иелерінің мейрамын тойлауға атсалысқан адам «кейбір ғалымдардың пікірі бойынша» күпірлікке түсетіндігін айтып жатыр. Ал Қасим әл-Уаһаби ибн Тәймияның сөзін ол адам кәпір болатындығына «иджма бар» секілді қылып өзгерткен.