November 10

«Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін көкке ашық болатындай етіңдер, оны мен аспанның арасында ешбір шатыр немесе төбе қалмасын». Олар солай істеді. Сонда жаңбыр жауды».

Әбу әл-Джәузә айтты: «Мәдина тұрғындары қатты қуаңшылыққа тап болды. Сосын олар Айша анамызға шағымданды. Ол былай деді: «Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін көкке ашық болатындай етіңдер, оны мен аспанның арасында ешбір шатыр немесе төбе қалмасын». Олар солай істеді. Сонда жаңбыр жауды, шөптер өсті, түйелер семіріп, майға толып жарылып кете жаздады. Сол жыл «әл-Фатқ жылы» (жарылу жылы) деп аталды». Хадисті әд-Дарими риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5950) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Әбу әл-Джәузә айтты) автор айтты: ол – Әус ибн Абдуллаһ әл-Әзди, Басралық, атақты табиғин, хадис риуаят етуші. Айша анамыздан, Ибн Аббас пен Ибн Омардан хадис естіген. Одан Амр ибн Мәлик және басқалар риуаят еткен. 83-жылы өлтірілген: («Мәдина тұрғындары қатты қуаңшылыққа тап болды. Сосын олар Айша анамызға шағымданды. Ол былай деді: «Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін көкке ашық болатындай етіңдер) яғни, терезе жасаңыздар, (оны) яғни, қабір (мен аспанның арасында ешбір шатыр немесе төбе қалмасын». Олар солай істеді. Сонда жаңбыр) қатты (жауды, шөптер өсті) яғни мал азығы көбейді, (түйелер семіріп) меймілдеп жайылып, (майға толып жарылып кете жаздады). Кей риуаятта «жарылып кетті» деп те келген. (Сол жыл «әл-Фатқ жылы» (жарылу жылы) деп аталды»). Яғни, молшылықтан малдардың жарылуымен ерекшеленген жыл.

Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін ашудың себебі ретінде кейбіреулер: «Аспан Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін көргенде, оған қарап жылағандай болып, жаңбыр жауды» деп айтқан.

Аллаһ Тағала Құранда кәпірлер жайлы: ﴾Көк те, жер де олдарды жоқтап жыламады﴿ («Духан» сүресі, 29-аят) – деген. Бұл аят кәпірлерге қатысты, ал ізгі жандарға керісінше болады (яғни аспан олар үшін жылайды).

Тағы былай деп те айтылды: «Пайғамбарымыз ﷺ қуаңшылық кездерінде адамдар үшін Аллаһтан жаңбыр тілеуші, шапағат етуші болатын. Аллаһ оның құрметіне жаңбыр беретін. Сол себепті Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) қабірін көкке ашық етуді бұйырған. Бұл – Пайғамбарымыздың ﷺ құрметіне шапағат тілеуді (тәуәссулді) арттыра түсу үшін еді. Яғни, қабір мен аспан арасында ешбір перде қалмауы керек болатын».

Мен (Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди) айтамын: «Дұғаның орындалуын тілеу үшін көкке бет бұру арқылы қажет нәрсені білдіретін ишара тәрізді. Өйткені көк – дұғаның құбыласы әрі әлсіздерге ризық түсетін орын. Аллаһ Тағала айтқан: ﴾Сендердің ризықтарың көкте﴿ («әз-Зарият» сүресі, 22-аят)».