Yesterday

Истибра туралы.

1. Имам әш-Шурунбуләли әл-Ханафи өзінің әйгілі «Марақи әл-Фәләх» кітабында («истибра бабында») айтты:

(Ер адамға истибра жасау қажет). Автор мұнда «қажет» (لازم) деген сөзді қолданған. Өйткені бұл «уәжіптен» де күштірек: истибра орындалмаса (яғни, дәрет алғаннан кейін қалдық зәрі шықса), дәреттің дұрыстығын жояды, ал уәжіптің орындалмауы әрдайым амалдың дұрыстығын жоймайды.

Мұндағы мақсат — зәр шығатын жолдың зәр тамшысынан толық тазарғанына көз жеткізу.

(Зәрдің ізі кетіп), яғни зәр шығатын жерге тас (немесе басқа нәрсе) қойған кезде онда байқалатын ылғал жоғалғанға дейін күту керек, (оның көңілі орныққанға дейін), яғни зәрдің тоқтағанына сенімді болғанға дейін.

Ал әйел адамға мұндай истибра жасаудың қажеті жоқ. Ол сәл күтіп, содан кейін истинжа жасайды.

Ер адамның истибрасы (өзінің әдетіне қарай жасалады: жүру, жөткіріну, сол жақ қырына күш салып отыру немесе басқа тәсілдер арқылы). Мысалы, бірнеше қадам жасау, қозғалу, жеңіл жүгіру немесе жыныс мүшесін ақырын сығу арқылы болуы мүмкін. Өйткені адамдардың әдеті әртүрлі. Сондықтан истибраны белгілі бір ғана тәсілмен шектеуге болмайды.

(Зәр тамшысының толық тоқтағанына көңілі орныққанға дейін дәрет алуды бастауға болмайды), яғни ондай дәрет дұрыс болмайды. Себебі зәр шығатын жолдың ұшында зәр тамшысының шығып көрінуі оның тамшылап ағуымен бірдей және дәреттің дұрыс болуына кедергі келтіреді.

2. Имам ат-Тахтауи әл-Ханафи өзінің «Марақи әл-Фәләх» кітабына жазған хашиясында айтты:

(Өйткені истибра жасаудың үкімі «уәжіптен» де күштірек). Тіпті оны тәрк ету үлкен күнәлардың қатарына жатады.

Кейбіреулердің: «Жыныс мүшесін қайта-қайта қатты тарту керек», — деген сөзінде күмән бар. Өйткені бұл уәсуәсаны тудырады әрі жыныс мүшесіне зиян келтіреді. «Шарх әл-Мишкат» кітабында осылай айтылған.

(Истибра белгілі бір тәсілмен шектеуге болмайды) деген сөзге қатысты «әл-Мудмарат» кітабында: «Адамның көңілінде өзінің тазарғаны туралы сенім пайда болған кезде истинжа жасауына болады. Өйткені әрбір адам өз жағдайын жақсырақ біледі», — делінген.

Ал егер (адам әдетіне сай истибра жасағаннан кейін) шайтан оған сонда да уәсуәсә салатын болса, оған мән бермейді. Керісінше, жыныс мүшесіне және шалбарына су бүркіп қояды. Кейін ылғалға күмәнданса, оның зәр екеніне анық көзі жетпейінше, сол ылғалды өзі бүріккен судан деп есептейді. «Әл-Фатх» кітабында осылай келген.

3. Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи өзінің «әл-Һадийяту әл-Ғәләия» (503 бет) кітабында айтты:

Көптеген табиғиндер мен алдыңғы буын ғалымдары, Аллаһ оларды рақымына алсын, истибрада шектен шығуды және жыныс мүшесін қайта-қайта сығуды мәкруһ санаған. Олар мұны қой сауумен салыстырып, одан тыйған.

Олар жөткірініп немесе жөтеліп, бірнеше қадам жасағаннан кейін, қиындық пен уәсуәсаның алдын алу үшін жыныс мүшесін үш рет тартып, жеңіл сығумен шектелуді бұйырған.

Ал кейбір күмәнға түскен адамдардың жыныс мүшесін ұстап алып, ұзақ уақыт бойы сығып, адамдардың арасында солай жүруі — өткер ізгілердің және ұят пен адамгершілік иелерінен ешкім жасамаған іс.

4. Имам әз-Зәһәби әш-Шәфиғи өзінің әйгілі «Сияр әғләм ән-Нубәлә» (11/357) кітабында:

Имам Ахмадтың баласы Абдуллаһ былай дейді:

«Әкемнің зәр сындырғаннан кейін жыныс мүшесін сүртетін арнайы шүберектері бар екенін және оны бірнеше рет сілкіп-тазалайтынын, сондай-ақ оның зәр сындырғаннан кейін истибраны мұқият жасайтынын көрдім».

Мухаммад ибн Әбу Һарун, ол Исхақ ибн Ибраһим былай дегенің жеткізді:

«Имам Ахмадтың зәр сындырғаннан кейін дәрет алмас бұрын (истибра кезінде киіміне қалған зәр тамшылары тимеуі үшін) жыныс мүшесіне шүберек байлап қоятынын көрдім».

Абдуллаһ ибн Ахмад былай дейді: Әкем айтты:

«Егер ер адамды суық (ауа райы) мазалап тұрса, (истибрадан кейін) дәретін толық алады, содан кейін киіміне су бүркіп қояды да, өзінен бір нәрсе шықты деп күмәнданған нәрсесіне мән бермейді. Аллаһ қаласа, сонда бұл уәсуәсә одан кетеді» (яғни, салқын кезде қайта-қайта күмәнға еріп, дәретін жаңартып машақаттанбайды).

Бір топ кісі маған Ахмад ибн Ханбалдың былай дегенін жеткізді:

«Әбу Абдуллаһтың дәретханадан шыққаннан кейін үйдің ішінде ары-бері жүріп, дәрет алмас бұрын біраз уақыт отырып алатынын көрдім. Мен мұны истибра жасау үшін істейді деп ойлаймым».

Мен имам Ахмадқа:

«Дәрет алғаннан кейін ылғал сеземін», — дедім.
Ол: «Қолыңды төменгі жағыңа қойып, ондағы нәрсені төмен қарай ақырын сығып түсір. Содан кейін аздап ары-бері жүр де, (истибрадан кейін) оған мән берме. Мұны уайымыңның біріне айналдырма. Өйткені бұл — шайтанның салатын уәсуәсасы», — деді.

Мансур ибн Уәлид, ол Джағфар ибн Мухаммадтың имам Ахмадтың зәр сындырған адам жайында былай дегенін естідім:

«Егер ол жыныс мүшесін үш рет сілкіп-тазаласа, жеткілікті болады деп үміттенемін».

Ол тағы былай деді:

«Исхақ ибн Раһуайһтан отырып (сол жағына күш салып немесе жөтелу секілді) жасалатын истибра туралы сұрадым. Ол истибраны осылай жасауды дұрыс көріп, үш рет жасауды таңдады. Ал жүруді қажет деп санамады».