Әйелдердің мешітке жамағат намазына бару мәселесі
Шейхул-Ислам атына ие болған Мухаммад ибн Суләйман әл-Кәлибули Шейхи Зәдә әл-Ханафидің (һ.1078\м.1667 жылы қайтыс болған) - Дәмәд Эфэнди атымен танымал - «Мәджмәғу әл-Әнһар» (1\272) кітабында:
«(Әйелдер жамағат намазына қатыспайды) – барлық намаздарға, күндізгі де, түнгі де. Себебі Пайғамбар ﷺ айтты: «Әйелдің үйінің ең түкпіріндегі бөлмеде оқыған намазы – аулада оқыған намазынан абзал, ал аулада оқыған намазы – мешітте оқыған намазынан абзал. Олардың үйлері – олар үшін жақсырақ». Өйткені олардың шығуымен фитна қауіпі бар. (Бірақ қарт әйел үшін ақшамға, құптанға және таң намазына шығуға рұқсат), сондай-ақ айт намазына да. Себебі құптан мен таңда пасықтар ұйықтайды, ал ақшамда тамақтанумен бос болмайды. Айт намазы кең ашық жерде оқылады, сондықтан ол еркектерден оңай оқшаланып тұра алады. Бұл – Имам Әбу Ханифаның көзқарасы.
«Ақшам – бесін сияқты, ал жұма – айт сияқты (яғни шығуға болады)» деп те айтылған.
Оларға қызығушылық аз, сол себепті фитна жоқ болғандықтан Әбу Юсуф пен Мухаммад қарт әйелдің барлық намаздарға қатысуына (рұқсат етті). Бірақ бұл – олардың заманына қатысты. Қазіргі заманда әйелдерге жамағат намазына баруға тыйым салынады, пәтуа да соған негізделген.
«Қарт әйел» деп шектеді, өйткені жас әйелдің жамағат намазына (яғни, мешітке баруларына) бірауыздан тыйым салынған.
«Жас әйел» – 15 жастан 29 жасқа дейін.
«Қарт әйел» – 50 жастан бастап өмірінің соңына дейін».