October 20

Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Кімде-кім үй немесе жерін сатып, оның ақшасына сондай мүлік сатып алмаса, оған береке болмайды».

Сағид ибн әл-Харис жеткізген хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Кімде-кім үй немесе жерін сатып, оның ақшасына сондай мүлік сатып алмаса, оған береке болмайды»».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2966) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Сағид ибн әл-Харис жеткізген хадисте) автор айтты: «Ол — құрайыштық, Махзум руынан. Ол Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Мекке жеңісіне қатысқан, ол кезде жасы он беске келген еді. Кейінірек Куфаға қоныстанды, қабірі сол жерде». Ал Ибн Абдул-Барр былай дейді: «Оның қабірі Жазирада, және оның ұрпағы жоқ. Одан інісі Амр риуаят еткен». (Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Кімде-кім үй немесе жерін сатып) егер ол аса қажеттіліксіз сатса. Мұндағы «жер» — «егістік, қожалық» немесе үй немесе егістік сияқты тұрақты негізге ие кез келген (жылжымайтын) мүлік. Солай «әл-Муғраб» кітабында келген; (оның ақшасына сондай мүлік сатып алмаса) яғни, үй немесе жер сияқты, (оған) яғни, сатушыға (береке болмайды») яғни, сатқан үйінің немесе жерінің ақшасында береке болмайды.

Әл-Музһир айтты: «Бұл жердегі мағына – жер мен үйлерді сату және олардың ақшасын жылжымалы (көшпелі) заттарға жұмсау – құпталмайды, өйткені үйлер мен жерлер – пайдасы көп, зияны аз мүлік. Оларды ұры ұрламайды, жау тартып алмайды. Бұл – жылжымалы мүлікке қарама-қарсы. Сондықтан үйлер мен жерлерді сатпау – абзал. Егер сатып жіберсе, ақшасын жер немесе үйге жұмсау – абзал»

(Бұл хадисті Ибн Мәджа пен әд-Дәрими риуаят еткен). Ибн Мәджа және ад-Дия Хузайфадан мынадай сөзбен риуаят етті: «Кімде-кім үй сатып, кейін оның ақшасын сондай үй сатып алуға жұмсамаса, Аллаһ ол ақшаға береке бермейді».

Табарани жақсы (хасан) тізбекпен Мағқал ибн Ясардан мынадай сөзбен риуаят етті: «Кімде-кім үйін қажеттіліксіз сатса, Аллаһ оның ақшасына апат түсіріп, ол ақшаны құртады»».