May 14

Сахабалардың Пайғамбармен ﷺ тәбәррук жасаулары

Әнәст риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ таң намазын оқығанда, Мәдинаның қызметшілері ішінде суы бар ыдыстарымен келетін. Олар (Пайғамбарымыз ﷺ) ыдыстағы суға қолын малмайынша ыдыс кері әкелмейтін. Кейде олар таңертең ертемен келетін, Пайғамбар ﷺ олардың ыдыстарына қолын малатын» (хадисті Муслим риуаят етті).

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5808) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

(«Аллаһ Елшісі ﷺ таң намазын оқығанда, Мәдинаның қызметшілері ішінде суы бар ыдыстарымен келетін) яғни, берекет, өсу/даму, саулық және шипа сұрап келетін. (Олар (Пайғамбарымыз ﷺ) ыдыстағы суға қолын малмайынша ыдыс кері әкелмейтін) яғни, көңілдерінен шығып, мақсаттарына жету үшін Пайғамбарымыз ﷺ олардың келген талаптарын орындайтын. (Бәлкім олар таңертең ертемен келетін, Пайғамбар ﷺ олардың ыдыстарына қолын малатын») ат-Тыйби айтты: «Ол ﷺ адамдардың, әсіресе қызметшілер мен әлсіздердің көңілін табу үшін көп күш салатын, олардың (таңертең ертемен) алып келген ыдыстарына олар берекет алу үшін мубарак қолын салатын, сол арқылы әлсіздерге кішіпейілділігін көрсететін»; (халисті Муслим руаят етті) және Ахамд. «Әл-Джәмиғу ас-Сағир» кітабында «Бәлкім олар...» деген сөзсіз келген. Ибн Әсәкир Әнәстан риуаят еткен хадисте: «Пайғамбар ﷺ балалар мен отбасыға ең мейірімді адам болды». «Әл-Джәмиғ» кітабында: «Пайғамбарымыз ﷺ қызметшіден: «Мұқтаждығын бар ма?» деп сұрайтын»» .