August 1

«... тозақтың қақпасында тұрдым, оның ішіне кіргендердің көбісі – әйелдер еді»

Хазіретті Усама ибн Зейд риуаят еткен хадисте: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мен жұмақтың қақпасында тұрдым, оның ішіне кіргендердің көбісі – кедейлер еді. Ал байлар ұсталып тұрды, бірақ тозаққа барар адамдарға тозаққа кіруге бұйрық берілді. Және тозақтың қақпасында тұрдым, оның ішіне кіргендердің көбісі – әйелдер еді». Хадисті Бухари мен Муслим жеткізді.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5233) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мен жұмақтың қақпасында тұрдым) яғни, Миғраж түні, немесе түсінде, немесе кәшф күйінде көрді, (оның ішіне кіргендердің көбісі – кедейлер еді) яғни, пақырлар мен әлсіздер. (Ал байлар) яғни, дәулетті мүміндер мен патшалар\әмірлер (ұсталып тұрады) яғни, қиямет күні олар алаңда ұсталып тұрады, және қысқаша айтқанда, дүниелік байлық пен лауазымдықтың қызығын көрген адамдар ұзақ есеп-қисаптың қасіретіне тап болады, өйткені олардың байлығы көп, беделдері бар, әрі олар бұл дүниеде сол арқылы шәһуаттары мен нәпсі қалауларын қанағаттандырып ләззат алды. Ақиқатында қиямет күні тапқан әр адал дүние үшін есеп болады және әр арам дүние үшін азап болады. Ал кедейлер мұндайдан таза, олар есепке тартылмайды және ұсталып тұрмайды. Бәлки олар бұл дүниеде кедей болғанның сыйлығы ретінде байлардан қырық жыл бұрын жәннатқа кіреді, (бірақ тозаққа барар адамдарға тозаққа кіруге бұйрық берілді) яғни, кәпірлерге тозаққа кіруге бұйрылады. Әт-Тыйби, Аллаһ оны рахым етсін, айтты: «Яғни, кәпірлер тозаққа айдалып, мүміндер есеп беру үшін алаңда тұрады, ал кедейлер өздерінің кедейліктері себепті, яғни алаңда есеп үшін тоқтамай жәннатқа бірінші болып кіреді».

«Әл-Жәмиғ» кітабында: «Алаңда тозақ иелері есеп беру үшін тұрмайды, өйткені олар тозаққа кіруге бұйырылды. Жәннаттағылар екі топқа бөлінген: ұсталып тұрғандар және тез кіретіндер, бірақ тозаққа кіруге бұйрылғандар тек бір топ ғана болады. (Және тозақтың қақпасында тұрдым, оның ішіне кіргендердің көбісі) яғни, тозаққа кәпірлермен бірге көп кіргендер (әйелдер еді») дүниеге құмарлығы және адамдарды ақырет жолынан тыюы себепті. (Хадисті Бухари мен Муслим жеткізді) және Ахмад пен ән-Нәсәи руаят етті.