July 1

Сәлем беру мәкруһ болған жағдайлар

«Намаз, Құран оқушыға, хадис айтушыға (яғни хадис айтып жатқан сәтте), хұтба айтушыға және соларды тыңдап отырушыға, фиқһ оқытылып жатқан жерде, адамдарға дін үкімдерін түсіндіріп отырған адамға, шариғат білімін қайталап отырған адамға, азан және қамат айтушыға, ұстазға (сабақ уақытында), салауат немесе зікір үшін отырған адамға, игі амал (қандайда бір ғибадат) жасап отырған адамға, тамақтанып отырған адамға, сөгіс пен оның күнәсін жақтырмау мақстында пасықтығын ашық жасайтын пасыққа, бөтен қыздарға, рұқсат болмаған ойын ойнатын адамға, өсекшіге, әншіге, құспен ойнайтын адамға, қалжыңбас шалға, өтірікшіге, лақпа (сандырақ айтатын) адамға, адамдарды балағаттаушыға, бөтен қатындарға көз салатын адамға, егер олар күнәларына тәубе етпеген болса және әйелімен қосылып жатқан адамға, әуреті ашық адамға, үлкен және кіші дәреттегі адамға, қалғып және ұйықтап отырған адамға, моншадағы адамға және сәлем беруден шариғат қайтарған барлық жерде сәлемге жауап беру уәжіп емес, тек пасықтан басқа, егер пасық сәлем берсе, онда оған жауап беру уәжіп. Кішкентай баланың, мастың, жындының берген сәлеміне және «Сәләм ғалейкум» деп айтқан, «сәләму-Ллаһу ғалейкум» деп айтқанға, өйткені бұл сәлем емес дұға, жауап беру уәжіп емес».

Фақиһ, шейх Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи, «әд-Дурар әл-Мубаха фи Хазр уә әл-Ибаха», 511 бет.