July 19

«Ата-ана – жәннаттың ортаңғы есігі, егер қаласаң, бұл қақпаны сақтап қаласаң, не айрылып қаласың».

Хазіретті Әбу Дардадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте, оған бір адам келіп: «Менің әйелім бар, анам оны талақ етуімді бұйырады», - деді. Әбу Дарда оған: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ: «Әке – жәннаттың ортаңғы есігі, егер қаласаң, бұл қақпаны сақтап қаласаң, не айрылып қаласың», – деп айтқанын естідім». Хадисті әт-Тирмизи мен Ибн Мажа риуаят еткен.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4928) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Менің әйелім бар, анам оны талақ етуімді бұйырады», - деді. Әбу Дарда оған: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ: «Әке – жәннаттың ортаңғы есігі) әл-Қади айтты: «Яғни, жәннат қақпалардың ең биігі және ең кеңі. Мағынасы: Жәннатқа кірудің және оның биік дәрежесіне жетудің ең жақсы жолы – әкеге бағыну және оларға құрмет көрстеу. Басқа ғалымдар айтты: «Жәннаттың қақпалары бар, ең жақсысы – орта қақпадан кіру. Сол ортаңғы қақпадан кіруге себеп – әке ақысын сақтау». Хадистегі әке деген жалыпылқты қамтиды (яғни, әке мен ананы бірге қамтиды) немесе егер хадисте әке деген уақытта тек әкені мақсат еткен болса (яғни, әкеге құрмет көрсету жәннаттың ортаңғы есігі болған болса), онда ананың үкімі одан да күштірек болмақ, (егер қаласаң, бұл қақпаны сақтап қаласаң) яғни, әкеге ізеттілік пен мойынсұнушылықты сақта және мұны тоқтатпа, (не айрылып қаласың») яғни, немқұрайлылықпен мұндай мүмкіндіктен айрылып қаласың және бұл Әбу Дарданың сөзі, мағынасы: екуінен хайырлысын таңда. (Хадисті әт-Тирмизи мен Ибн Мажа риуаят еткен) солай ибн Хиббан өзінің «Сахих» жинағында келтірді, Әбу Дәут ат-Тыйасий, әл-Хаким өзінің «Мустадрак» жинағында жеткізіп сахих деді және мұны әз-Зәһәби растады, әл-Баһақи өзінің «Шуғба» еңбегінде схахи деді».