«Біз Пайғамбарымыздың ﷺ жанында сәресі іштік. Сосын Ол намазға тұрды. Мен (Әнәс ибн Мәлик): «Сәресі мен азанның арасы қанша еді?» – деп сұрадым. Ол ( Зәйд ибн Сәбит): «Елу аят оқитындай уақыт», – деді».
Хазіретті Зәйд ибн Сәбит, Аллаһу Тағала одан разы болсын, айтты:
«Біз Пайғамбарымыздың ﷺ жанында сәресі іштік. Сосын Ол намазға тұрды. Мен (Әнәс ибн Мәлик): «Сәресі мен азанның арасы қанша еді?» – деп сұрадым. Ол ( Зәйд ибн Сәбит): «Елу аят оқитындай уақыт», – деді». Бухари, 1921.
Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни әл-Ханафи өзінің әйгілі «Ғумдату әл-Қари шарх Сахих әл-Бухари» кітабында (1921-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Елу аят оқитындай уақыт») деген сөздің мағынасы – елу аят оқылатын уақыт мөлшері.
Кейбіреулер: «Елу аят оқитындай уақыт», яғни ұзын да емес, қысқа да емес, тым жылдам да емес, тым баяу да емес – орташа оқылатын елу аят деген», – деген.
Мен (Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни әл-Ханафи) айтамын: «Бұл – жорамал мен шамалауға негізделген түсіндірме. Негізінде, бұл тіркес мұндай шектеулерден кеңірек мағынаны қамтиды. Сондай-ақ жылдамдық пен баяулық – аяттың емес, оқушының сипаты (яғни, «елу аят» мөлшерін арнайы «орташа аяттармен, орташа жылдамдықпен» деп шектеудің қажеті жоқ)».
Бұл хадис олардың уақыттары ғибадатпен өтетінін көрсетеді. Сондай-ақ сәресіні кешіктірудің абзал екенін білдіреді, өйткені ол мақсатқа жетуде тиімдірек (яғни күндізгі оразаны жеңіл ұстауға, құлшылыққа қуат жетуіне себеп). Ал Аллаһ Елшісі ﷺ үмметі үшін ең жеңіл болған нәрсені таңдаушы еді. Сондай-ақ бұл хадисте сәресіге бірге жиналудың бар екеніне ишара бар».