«Егер біреудің ата-анасы немесе олардың біреуі қайтыс болса және ол оларға мойынсұнбаған болса...»
Хазіретті Әнәстан риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер адамның ата-анасы немесе олардың біреуі қайтыс болса және ол тірісінде ата-анасына қарсы келген, мойынсұнбаған болса, Аллаһу Тағала оны ата-анасына жақсылық жасаушы деп жазғанға дейін олар үшін дұға етіп, кешірім тілесін». Хадисті әл-Байһақи өзінің «Шуғаб әл-Иман» кітабында риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4942) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер адамның ата-анасы немесе олардың біреуі қайтыс болса және ол ата-анасына) яғни, екеуіне немесе біріне (қарсы келген, мойынсұнбаған болса) яғни, ата-анасы көзі тірісінде оларға қарсы келіп, кейін ата-анасы қайтыс болғаннан кейін баласы тәубе еткен болса, (Аллаһу Тағала оны ата-анасына жақсылық жасаушы) Аллаһу Тағала: {Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды} деді және күнәдан тәубе еткен адам күнәсі жоқ адам сияқты болады. Біз тәубе етуді шарт еттік, өйткені ата-анаға мойынсұнбау Аллаһтың хақыларының бірі, сондықтан тәубе адамның инабатты\ізетті болуы үшін қажет (деп жазғанға дейін) яғни, періштелерге оның амал дәптеріне ианабатты\ізетті бала деп жазғанға дейін (олар үшін дұға етіп) яғни, ата-анасы үшін Аллаһтың рақымын сұрап, (кешірім тілейді») яғни, күнәларын кешіруін тіледі».