July 1

СӘЛЕМ БЕРУ МӘКРУҺ БОЛҒАН АДАМДАР

«Пасық адамға сәлем беру мәкруһ, егер ол адам пасықтығын ашық жасайтын және пасықтығымен танымал болса, ал егер ондай адам болмаса, онда оған сәлем беру мәкруһ емес; және сәлемге жауап бере алмайтын адамға сәлем беру мәкруһ, мысалы тамақтанып отырған адамға¹ немесе намазда тұрған адамға, Құран оқып отырған адамға², зікірдегі адамға, хутба айтып тұрған және оны тыңдап отырған адамдарға, фиқһ қайталап отырған адамға, адамдарға уағыз айтып, үкімдерді түсіндіріп жатқан адамға, шариғи білімді қайталап отырған адамға, азан немесе қамат айтып жатқан азаншыға, ұстазға³, намаз күтіп отырған адамға⁴, тәсбі тартып отырған адамға, тәлбия айтып отырған адамға; және жас қыздарға сәлем беру мәкруһ, рұқсат болмаған ойын ойнап отырғандарға, адамдарды ғайбаттап отырған адамға, құс ұшыратын адамға⁵, қалжыңбас шалға, өтірікшіге, бос сөз айтатын былшыл адамға, адамдарды боқтайтын немесе бөтен әйелдердің жүзіне қарап, кейін оның тәубе еткені белгісіз болған адамға, әуретін ашатын адамға және кіші немесе үлкен дәрет сындырып жатқан адамға, қалғып отырған немесе ұйықтап жатқан немесе әжетханадағы адамға сәлем беру мәкруһ. Және шариғатта сәлем беруге болмайтын жерлердің барлығында сәлемге жауап беру де міндет емес, тек пасықтан басқа: егер пасық сәлем берсе, онда оған жауап беру керек».

(1) Аузында тамақ немесе су болса.

(2) Ишарамен жауап берсе жеткілікті, ал Әбу Юсуфтің пікірі бойынша сол аятты толық аяқтан жауап береді.

(3) Егер дәріс беріп жатса.

(4) Өйткені мешітте намазын оқып болып екінші намазды күтіп отырған адам намаздағы адам секілді болады (Бухари, 659).

(5) Ертеде құс ұшырушылар құстарын ұстау үшін биікке шығатын, сол кезде қаласын, қаламасын бөтен адамдардың үйіне көздері түсетін.

Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи, «әл-Һадийяту әл-Ғәләия», 470-471 бет.