December 19, 2024

Рамазан айында әдейі ауыз ашқан адам туралы

Имам Мухаммадтың риуаятымен «әл-Муатта» (272 бет) кітабында:

Бізге Мухаммад ибн әл-Хасан, ол Мәлик ибн Әнәстан, ол әз-Зуһриден, ол Хумаид ибн Абдаур-Рахманнан, ол Әбу Һурайрадан: «Рамазанда ауыз ашып жіберген адамға Пайғамбар ﷺ кәфәрат ретінде құл аза етуді немесе қатарынан алпыс күн ораза ұстауды немесе алпыс міскінді тамақтандыруды бұйырды¹.

Сонда әлгі адам: «Мен ешқайсысына шамам жетпейдім²», - деді. Сонда Пайғамбар ﷺ оған құрма алып келіп: «Мынаны ал да, садақа ет»,- деді.

Әлгі адам: «Иә, Аллаһтың Елшісі, менен асқан міскін адамды таппадым», деді. Пайғамбар ﷺ: «Өзің алып же», - деді».

¹Бұл тәртіпті сақтау уәжіп, адам өз еркі емес.

²Джумһурдың құзырында шамасы жетпеген адамнан бәрібір кәфәрат түспейді «Фәтху әл-Бәрри» (4\171).

Имам Мухаммад хадисті риуаят еткеннен кейін айтты:

«Біз осы хадисті негізгі аламыз. Егер адам Рамазанда оразаны әдейі тамақ жеп немесе ішіп немесе әйелмен қосылу арқылы бұзса, ол адам сол күннің оразасын өтейді және аз-зиһар кәфәрат: бір құлды азат етеді; егер құлды азат етуге шамасы жетпесе, қатарынан алпыс күн ораза ұстайды; егер оразаға шамасы³ жетпесе алпыс адамды тамақтандырады: әрбір міскінге жарты сағ⁴ бидай немесе бір сағ құрма немесе арпа».

³Мысалы ораза ұстауға кедергі болатын жазылмайтын ауру немесе ораза ұстауға шамасы жетпейтін қарттық.

⁴Ханафилерде 1 сағ шамамен - 3261,5 гр.