August 26

Имам әз-Зәһәби алғаш рет мәуліт өткізіп бастаған Сұлтан әл-Музаффар туралы.

Имам әз-Зәһәби (673-748 һ / 1274-1348 м) «Сияр әғләм ән-нубәлә»( 22\335-336) кітабында алғаш болып мәуліт өткізген Сұлтан әл-Музаффар туралы:

السلطان الدين الملك المعظم مظفر الدين أبو سعيد كوكبري بن علي بن بكتكين بن محمد التركماني صاحب إربل وابن صاحبها وممصرها الملك زين الدين علي كوجك... وكان محبا للصدقة ، له كل يوم قناطير خبز يفرقها ، ويكسو في العام خلقا ويعطيهم دينارا ودينارين ، وبنى أربع خوانك للزمنى والأضراء ، وكان يأتيهم كل اثنين وخميس ويسأل كل واحد عن حاله ويتفقده ويباسطه ويمزح معه . وبنى دارا للنساء ، ودارا للأيتام ، ودارا للقطاء ، ورتب بها المراضع . وكان يدور على مرضى البيمارستان . وله دار مضيف ينزلها كل وارد ، ويعطى كل ما ينبغي له . وبنى مدرسة للشافعية والحنفية وكان يمد بها السماط ، ويحضر السماع كثيرا ، لم يكن له لذة في شيء غيره . وكان يمنع من دخول منكر بلده ، وبنى للصوفية رباطين ، وكان ينزل إليهم لأجل السماعات . وكان في السنة يفتك أسرى بجملة ويخرج سبيلا للحج ، ويبعث للمجاورين بخمسة آلاف دينار ، وأجرى الماء إلى عرفات. وأما احتفاله بالمولد فيقصر التعبير عنه ; كان الخلق يقصدونه من العراق والجزيرة وتنصب قباب خشب له ولأمرائه وتزين ، وفيها جوق المغاني واللعب ، وينزل كل يوم العصر فيقف على كل قبة ويتفرج ، ويعمل ذلك أياما ، ويخرج من البقر والإبل والغنم شيئا كثيرا فتنحر وتطبخ الألوان ، ويعمل عدة خلع للصوفية ، ويتكلم الوعاظ في الميدان ، فينفق أموالا جزيلة . وقد جمع له ابن دحية " كتاب المولد " فأعطاه ألف دينار . وكان متواضعا ، خيرا ، سنيا ، يحب الفقهاء والمحدثين ، وربما أعطى الشعراء ، وما نقل أنه انهزم في حرب ، وقد ذكر هذا وأمثاله ابن خلكان واعتذر من التقصير . مولده في المحرم سنة تسع وأربعين وخمسمائة بإربل.

«Дін сұлтаны, ұлы патша, әл-Музаффар Әбу Сәйд Кәукабари ибн Әли ибн Бактакин ибн Мухаммад ат-Туркамани — Ирбил әмірі, әрі сол қаланың негізін қалаған әрі билік жүргізген ​​Зайнуд-Дин Әли Кәужактің ұлы.

Ол садақа беруді ерекше жақсы көретін. Күн сайын жүздеген келі нан тарататын, жыл сайын көптеген адамдарға киім таратып, әрқайсысына бір немесе екі динардан үлестіретін. Ол мүгедектер мен кемтарлар үшін төрт арнайы асханалар (қонақ үйлер) салды. Сол жерге аптасына екі рет – дүйсенбі мен бейсенбі күндері өзі барып, әрбір мүгедекпен жеке сөйлесіп, хал-жағдайын сұрап, көңілін аулайтын әрі әзілдесіп, жақындық танытатын.

Сол сияқты ол жесір және мұқтаж әйелдер мен жетімдерге арналған арнайы қайырымдылық үйлерін тұрғызды, тастанды балаларға арналған панахана тұрғызып, олар үшін бала емізетін әйелдерді де арнайы белгілеген.

Ол ауруларды өзі аралап, ауруханаларға барып, жағдайларын біліп тұратын. Сондай-ақ, ол келген кез келген адам тоқтай алатын арнайы мейманхана салдырды, онда әркімге қажетіне қарай барлық керек-жарағы берілетін.

Ол шәфиғи және ханафи мәзһабтарына арналған медреселер салдырды, онда үнемі ас әзірленіп таратылатын. Сол жерде ғұламалардың ілім мәжілістеріне жиі қатысатын, одан басқа ештеңеден ләззат алмайтын. Қаласына тыйым салынған, бұзық істердің кіруіне жол бермейтін.

Сопылар үшін екі рибат (зікір, ғибадат және тәрбие орны) салдырды, олардың ілім және зікір мәжілістеріне өзі де қатысатын.

Жыл сайын тұтқындағы мұсылмандарды босатып, қажылық керуендерін аттандырып, қасиетті мекен тұрғындарына бес мың динар жіберетін. Сондай-ақ, Арафатқа су тартқызды.

Ал мәулітті атап өтуі — сипаттауға тіл жетпейтін дәрежеде еді! Ирак пен Жазира аймағынан жұрт оған ағыла келетін. Оған және әмірлеріне арналған шатырлар тұрғызылып, олар сәнделетін. Онда мәуліт оқылатын арнайы топтар мен рухани көріністер ұйымдастырылатын. Ол күн сайын екінті уақытында халық арасына түсіп, әр шатырға барып, шынайы қызығушылықпен тамашалайтын. Бұл бірнеше күнге созылатын.

Мейрам кезінде көптеген сиыр, түйе, қой сойылып, түрлі тағамдар пісірілетін. Сопыларға арналған арнайы кәде-сыйлар таратылатын. Алаңда уағызшылар сөз сөйлейтін, ал сұлтан бұл үшін мол қаржы жұмсайтын.

Ибн Дихья оған арнайы мәулітке арналған шығарма жазып тарту етті, ал сұлтан оған мың динар сыйлады.

Ол өте қарапайым, ізгі, сүннет жолын ұстанатын адам болатын. Фиқһ пен хадис ғалымдарын жақсы көретін, кейде ақындарға да сыйлық беретін. Оның соғыста жеңілгені жайлы еш хабар жетпеген.

(Әл-Музаффардың) осы және осыған ұқсас (көп жақсылықтарын, ғибратты) істерін Ибн Халикан келтіріп, оны (ол кісінің игі амалдары өте көп болғандықтан) толық келтіріп бере алмағаны үшін кешірім сұраған.

Ол (әл-Музаффардың) һижри 549 жылы мухаррам айында Ирбил қаласында дүниеге келген».