April 30

Нәжіс және оны кетіру жолдары

▪️ Нәжіс екі түрлі болады: 1) ауыр нәжіс. (2) жеңіл нәжіс.

▪️ Аққан қан, адамның зәрі мен нәжісі, ұрығы, хамр және мысық, ит және басқа да еті жеуге жарамсыз жануарлардың зәрісі, шошқаның еті, жүні және сүйегі секілді барлық ағзасы, барлық жануарлардың тезегі, мейлі еті жеуге жарамды немесе жарамсыз болсын: сиыр, буйвол, жылқы, қашыр, есек және қой, тауық пен үйрек тезегі. Және еті жеуге жарамсыз барлық жануардың зәрісі. Осы аталғандардың барлығы ауыр нәжіс.

▪️ Емшек еметін нәрестенің зәрісі ауыр нәжіс.

▪️ Көгершін, торғай сияқты еті желінетін құстардың тезегі таза, тек тауық, үйрек, қаздың тезегінен басқасы, өйткені олардың тезегі ауыр нәжіс, жоғарыда айтқанымыздай. Жарқанаттың тезегі мен зәрісі таза.

▪️ Ауыр нәжіс несеп және сол сияқты аққыш және сұйық болса және киімге тисе: егер ол дирһам мөлшерінде – алақанды жайған уақытта алақандағы кішкене ойық көлемі – немесе одан аз болса: бұл кешірімді және ол киіммен намаз оқу рұқсат, бірақ мәкруһ (егер ауыр нәжіс тамаққа түссе, кішкентай болса да, тамақ толықтай нәжіске айналады және адамның денесіне тисе, кішкентай болса да, сол жері нәжіс және ол жерді жалап кетіруге болмайды); егер дирһам көлемінен көп болса: жуу міндет және ол киіммен намаз оқуға болмайды; егер нәжіс үлкен дәрет немесе тезек болса: егер оның салмағы дирһам мөлшерінде немесе одан аз болса: бұл кешірімді; ал егер көп болса: оны жуу керек.

▪️ Жеңіл нәжістің үкімі: егер ол киімге тисе: тиген жерінен төрттен бірінен аз болса, кешірімді; ал егер төрттен бір мөлшерінде немесе одан да көп болса: кешірім болмайды, мысалы, киімінің жеңіне немесе (сәлденің) құйрығына тисе: егер тиген жері жеңнің немесе құйрықтың төрттен бір мөлшерінен аз болса, онда ол кешірімді; ал егер төрттен бір мөлшерінде болса: ол кешірімді емес; және сол сияқты, егер қол немесе аяққа тисе: егер төрттен бірінен аз болса, онда кешірімді, ал төрттен бір мөлшерінде немесе одан да көп болса – кешірімді емес (яғни, жуу керек).

▪️ Суға ауыр нәжіс түссе: су ауыр нәжіске айналады; ал егер жеңіл нәжіс түссе: жеңіл нәжіске айналады.

▪️ Егер киімге нәжіс май тисе және көлемі дирһам мөлшерінен аз болса: бұл кешірімді; бірақ тигеннен кейін жан-жағына жайылып, дирһам мөлшерінен асып кетсе: жуу керек.

▪️ Балықтың, биттің, шыбынның, масаның қаны нәжіс емес.

▪️ Егер зәр шашырандысы иненің ұшы сияқты өте кішкентай және (мұқият қараған уақытта көзге) көрінбейтін болса: киім онымен нәжіс болмайды, оны жуу уәжіп емес (бірақ жуған абзал).

▪️ Егер көзге көрініп тұратын нәжіс - кепкеннен кейін көрінетін үлкен дәрет пен қан сияқты - киімге тисе: ізі кеткенше жуу керек және егер бір немесе екі рет жуғанда ізі кетсе де, оны үш рет жуу мустахаб.

▪️ Егер жуғанда ізі мен иісі кетпейтін нәжіс болса: ізі мен иісін кетіру уәжіп емес, керісінше, үш рет жуғаннан кейін нәжістің өзі кетсе: киім таза болады.

▪️ Егер нәжіс дене емес және көзге көрінбейтін болса - және ол несеп сияқты құрғағаннан кейін көрінбейтін нәрсе болса - оны үш рет жуады, әр жолы киімді қысады, ал үшінші рет бар күшімен қысады бар күшімен қыспайды, киімі таза емес.

▪️ Егер көзге көрінбейтін нәжіс төсекке, кілемшеге, ыдыс-аяққа, аяқ киім секілді сығуға болмайтын нәрсеге тисе: жуып, кейін бойындағы суы сорғалап болғанға дейін қояды, сосын қайта жуып тағы да бойындағы суы сорғалап болғанға дейін қалдырады, солай үш рет істейді.

▪️ Нәжісті сумен немесе раушан суы, сірке суы және сол сияқты басқа сұйықтықтармен кетіруге болады, бір шартпен: нәжісті кетіретін сұйық болу керек; май, сүтпен секілді нәрсемен нәжіс тазаланбайды немесе майлы болған кез келген нәрсемен.

▪️ Үлкен дәрет, тезек, шәует сияқты көзге көрінетін нәжіс мәсіге немесе сандалға тисе: егер оны жерге сүртсе немесе ізі кеткенше үйкелесе, тазарады, тіпті егер нәжіс кеппеген болса да; егер ізі кеткенше топырақпен сүртсе, ол да тазарады.

▪️ Мәсі немесе сандалдың үстіне зәр немесе сол сияқты көзге көрінбейтін нәжіс тисе: тек жуумен тазаланады.

▪️ Киім мен денеге көрінетін немесе көрінбейтін нәжіс тисе, оны тек жуумен кетіреді (егер шәует денеге немесе киімге тисе және кепкен болса, оны сүрту арқылы кетіруге болады; егер ылғал болса, оны жуу керек).

▪️ Айнаға және темірден жасалған құралдарға, мысалы, пышақ, қылыш, алтын-күміс әшекейлер немесе күміс ыдыстарға нәжіс тиіп, оларды киім немесе топырақпен сүртсе: тазаланады; егер оларда кедір-бұдыр, ойылған жерлері болса, бұл жағдайда олар тек жуумен ғана тазаланады.

▪️ Егер нәжіс тиген жер кеуіп, нәжістің ізі мен иісі қалмаса: ол жерге намаз оқу рұқсат, бірақ ол жермен тәйәмум соғуға болмайды; кірпіш немесе тас жерге қойылса және оларды қазып алудан басқа қозғалту мүмкін болмаса (яғни, жермен бітісіп кетсе): онда олар топырақ үкімінде болады, яғни: кеуіп, нәжіс ізі кетумен тазарады.

▪️ Егер кірпіш жерге қойылып, бірақ жермен бітісіп кетпесе: онда бойындағы нәжісті кептіру арқылы емес, жуу арқылы тазартылады.

▪️ Шөп және жерде өсетін барлық өсімдікке нәжіс тигеннен кейін нәжіс кеуіп, ізі жойылса: тазарады, егер жерде өсіп тұрған болса; егер жұлынған болса: онда кебу арқылы тазармайды.

▪️ Отқа нәжістенген пышақты немесе ыдыс қойып, нәжіс ізі кетсе: таза болады.

▪️ Біреудің қолына нәжіс тиіп, оны үш рет жаласа: қолы тазарады, бірақ бұлай істеу харам – яғни: нәжісті жалау - және сол сияқты, егер емшек еметін бала анасының кеудесін құсып, содан кейін емшегін үш рет сорса: емшек таза болады.

▪️ Егер балшықтан жасалған құмыраға нәжіс түсіп, құмыра нәжісті сіңіріп алса: оған су құйып, судан нәжістің ізі кеткенге дейін қалдырады. Кейін ішіндегі суды төгіп, жаңа су құйылады, солай нәжістің ізі толығымен жойылып, иісі кеткенше қайталанады. Бұл егер құмыра жаңа болса және нәжісті сіңірсе, ал ескі болса және нәжісті сіңірмесе: жуу арқылы тазартылады.

▪️ Нәжіс балшықтан жасалған ыдыстар отқа күйдірсе: таза болады, бірақ отқа күйдірмейінше олар таза емес болып қалады.

▪️ Майға немесе балға нәжіс түссе: оны тазарту үшін оған сол мөлшерде су құйып, суы кетіп, майы қалғанша қайнатады, бұл үш рет жасалады немесе сол мөлшерде су құйып, содан кейін май судың бетінен жоғары көтерілгенше араластырады, содан кейін майды бір нәрсемен майды шығарып алады және бұл үш рет жасалады.

▪️ Нәжіс бояғыштармен боялған киімді тазалау үшін бояуды кетіру қажет емес, бәлки су таза болғанша жуу керек (үш рет жуған абзал).

▪️ Қи немесе тезек өртеніп, күлге айналса: күлі де, түтіні де таза.

▪️ Кілемнің бір ұшы нәжіс, қалғаны таза болса, таза ұшына намаз оқуға болады.

▪️ Тезекпен лайланған жер нәжіс, ол жерге намаз оқуға болмайды, егер ол жерге намаз оқығысы келсе: үстіне киім немесе кілем жайып оқу керек.

▪️ Ер адам аяғын жуып, нәжіс жермен жүрсе: аяғы таза; егер жер дымқылданып, нәжіс су немесе нәжіс топырақ аяғына жабысса, онда оның аяғы нәжістенеді.

▪️ Бір кісі нәжіс төсекте ұйықтап, төсек суланғанша терлесе, киіміне нәжіс дымқыл тисе: оның киімі нәжіс болды; ал егер дымқыл киіміне тимесе, нәжіс болмайды.

▪️ Қолын немесе аяғын лас қынамен бояса: мықтап тұрып үш рет жуса (жуғаннан кейін қолы немесе аяғынан таза су ақса), тазаланады және бояудың өзін кетіру шарт емес.

▪️ Егер нәжіс сүрме көзге жағылса: оны жуу міндет емес, бірақ егер көзінің сыртында жағылған болса, оны жуу керек.

▪️ Басына немесе денесіне нәжіс май жағып қойса: үш рет жуумен тазаланады, майды сабынмен кетіру уәжіп емес.

▪️ Ит қамырды жаласа: иттің аузы тиген жері алынып тасталады, ал қалған жері таза болады; егер ұнды жаласа: сілекейі көрінетін жері шығарылады, қалғаны таза.

▪️ Иттің денесі нәжіс емес, мейлі құрғақ, мейлі дымқыл болсын, егер киімге тиіп кетсе: нәжіс болмайды; егер иттің денесі нәжіс болып киімге тисе, онда киім нәжістенеді.

▪️ Егер анустан шыққан жел дымқыл киімге тисе: киім нәжіс болмайды.

▪️ Егер нәжіс, дымқыл киімді таза, құрғақ киімге орап, оның ылғалдылығы таза киімге өтіп, таза киім дымқылданса, оны сыққан уақытта одан су тамшыласа немесе қол дымқылданса: онда киім нәжіс болады; ал егер сыққан уақытта одан су тамшыламаса немесе қол дымқыл болмаса: киім нәжіс болмайды. Бұл егер киім нәжіс сумен дымқыл болса, ал егер қан немесе зәрі немесе хамр сияқты кез келген нәжістің өзімен дымқылданса: әлгі таза киімде дымқылдың пайда болуымен нәжіс болады.

▪️ Нәжіс ағаш тақтайдың бір жағына тисе және тақтайды ортанынан бөліп алуға мүмкін болатындай қалың болса: екінші жағына намаз оқуға болады; ал егер бөлінбесе, онда тақтайдың екі жағына да намаз оқу рұқсат емес.

Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 72-77 бет.