July 30
«Сендердің жиһадтарың – қажылық».
Айша анамыз, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Мен Аллаһ Елшісінен ﷺ жиһадқа қатысуға рұқсат сұрадым. Сонда Ол ﷺ: «Сендердің жиһадтарың – қажылық» – деді». Хадисті Бухари мен Муслим риуаят еткен.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2514) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
(Айша анамыз, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Мен Аллаһ Елшісінен ﷺ жиһадқа қатысуға рұқсат сұрадым. Сонда Ол ﷺ: «Сендердің жиһадтарың – қажылық» – деді»). Ибн әл-Мәлик былай деді: «Яғни, сендерге (әйелдерге) жиһад парыз емес, қажылық – егер шамаларың жетсе – парыз».