July 31

«Тозақта менің үмметімнен екі топ болады, мен оларды әлі көрген емеспін: сиыр құйрығына ұқсас қамшымен адамдарды сабайтындар және киінген, сонымен бірге жұрдай болған әйелдер».

Хазіретті Әбу Һурайра, оған Алла разы болсын, Алла Елшісінің ﷺ былай дегенін жеткізді: «Тозақта менің үмметімнен екі топ болады, мен оларды әлі көрген емеспін: сиыр құйрығына ұқсас қамшымен адамдарды сабайтындар және киінген, сонымен бірге жұрдай болған әйелдер. Олар өздерінің артынан ер-адамдарды еліктіріп және өздері ауып тұрғандар, олардың басындағы шаштары түйенің өркештері тәріздес. Бұл адамдар жәннатқа кірмейді және жәннаттың иісі пәленше пәленше қашықтыққа жетсе де жәннаттың иісін де сезбейді». Хадисті Муслим жеткізді.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3524) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

(«Тозақта менің үмметімнен екі топ болады, мен оларды әлі көрген емеспін) хадистің басқа нұсқасында: «Олармен кездеспедім», яғни, Аллаһ Елшісі ﷺ бұл екі топты өз заманының тазалығы себебінен кездеспеген. Бәлки олар кейінірек пайда болған. Ән-Нәуәуи айтты: «Бұл хадис — мұғжиза және хадисте осы екі топтың ісі күнә екенін көрсетеді»: (сиыр құйрығына ұқсас қамшымен адамдарды сабайтындар) яғни, ададмарды жазықсыз жазалайтындар (және киінген) яғни, Аллаһтың нығметіне бөлеңгендер (сонымен бірге жұрдай болған әйелдер) шүкір етуден жұрдай болған әйелдер (яғни, шүкірсіз әйелдер). Кейібір ғалымдар бұл сөздің түсіндірмесінде былай деп айтты: «Денелерінің бір бөлігін жауып, бір бөлігін ашып, сымбаттарын көрсету үшін киінетін (яғни, киімнен, ұяттан жұрдай болған) әйелдер». Басқалары: «Олар денелерін айқындап көрсету үшін жұқа киім киеді, сырттай қарағанда киінген болып көрінгенімен, шын мәнінде олар (киімнен жұрдай болған) жалаңаштар», - деді. Кейбірулер: «Олар әшекейлермен және зергерлік бұйымдармен киінген, бірақ шын мәнінде тақуалық киімнен жұрдай», — деді. Осыған байланысты бір хадисте: «Бұл дүниеде (шариғатқа сай емес) киінген әйелдер, ақыретте жалаңаш болады» деп айтылды. Ат-Тыйби айтты: «Хадисте бірінші әйелдерді киінген деді, кейін мұны жоққа шығарды. Өйткені киімнің ақиқаты әуретті жабау. Сондықтан егер киім әуретті толыққанды жаппаса, бұл киім емес» деген. Бұдан бөлек, бір шайыр былай деп айтқаны секілді:

«Олар адамгершілік үшін жаратылған, бірақ (бұл дүниеде оларда адамгершілік болмағандықтан) олар жаратылмаған сияқты (яғни, жоқ сияқты). Олар жаратылған, (бірақ айналасына тигізер еш пайдалары болмағандықтан олар) жаратылмаған сияқты. Оларға ризық берілсе де, (сол ризықты қайырлы нәрсеге жұмсауға жомарттық танытпағандақытан) оларға ризық берілмеген (сияқты). Олар (байлықпен) қамтамасыз етілсе де, (ешкімге пайдасы тимегендіктен) байлықпен қамтамасыз етілмеген сияқты».

(Олар өздерінің артынан ер-адамдарды еліктіреді) яғни, ер адамдардың жүректерін өздеріне тартады немесе беттерін көрсету үшін бастарынан төмен түсіп тұрған жаулықтарын шешіп еркектерді еліктіреді. Сондай-ақ былай деп айтылды: «(Еркектерді еліктіру үшін) иықтарын шайқап жүреді («модельная походка»)». «Олар еркектерді өздерінің жаман істерімен өздеріне тартады», - деп те айтылды (және өздері азғындыққа ауып тұрғандар) яғни, жүректерімен немесе денелерімен, немесе жүріс-тұрысымен, немесе ар мен ұяттан ауытқумен азғындық пен құмарлыққа бейім тұрғандар. Мағынасы: «Шаштарын (пасық әйелдерге ұқсап) тым еңкіш қылып тарау» (яғни, жұрттың назарын өздеріне аудару үшін шаштарын пасықтардың стильінде қою) деген. «Шаштарын жезөкшелердің стильінде қояды және соған басқаларды шақырады», - деп те түсіндірген, (олардың басындағы шаштары) яғни, шаштарын орау немесе соған ұқсас нәрсе арқылы оны үлкейту. Сондай-ақ бұл сөздің мағынасы: «Олар ер адамдарға тіке қарайды, көздері мен бастарын төмен түсірмейді», - деп те айтылды, (түйенің өркештері тәріздес) өйткені өркештің үстіңгі жағында май көп болғандықтан үлкен болады және бұл мысырлық әйелдерге тән қасиеттердің бірі. (Бұл адамдар жәннатқа кірмейді) ат-Тыйби айтқандай, бұл (яғни, шүкіршіліктен немесе киімнен жұрдай болу) әйелдердің сипаты және бұл туралы еркектерге қатысты ештеңе айтылмаған, (және жәннаттың иісі пәленше пәленше қашықтыққа жетсе де) яғни, мысалы, жәннаттың иісі жүз жыл қашықтыққа жетсе де. Әл-Қади айтты: «Мұның мағынасы: салиқалы әйелдер жәннатқа кіріп, оның иісін сезген уақытта ол әйелдер жәннатқа кірмейді және жәннаттың иісін сезбейді (яғни, ол әйелдер күнәлары себепті жәннатта бір уақытта салиқалы әйелдермен бірге болмайды). Пайғамбардың ﷺ Әбу Зәрр хадисіндегі: «Тіпті зина жасаса да, тіпті ұрлық жасаса да», - дегеніне сүйене отырып, олар ешқашан жәннатқа кірмейді (яғни, мәңгі тозақы) деген мағынада емес». Мен айтамын: «Бұл әйелдер (хадисте аты аталған күнәларды) рұқсат деп айту себепті жәннатқа кірмейді және оның иісін де сезбейді деген болуы мүмкін немесе онымен меңзеп тұрған нәрсе сол істері үшін ауыр жаза ретінде болуы мүмкін немесе олар жәннатқа кіргеннің өзінде де жәннаттың жұпар иісін сезбеуі мүмкін. Дұрысын Аллаһ біледі». (Хадисті Муслим жеткізді) және Ахмад».