Уаһабилік ақиданың асыл көзі «каррамия»
Имам әш-Шаһристаний (548 жылы қайтыс болған) өзінің «әл-Миләл ән-Нихәл» (127-127 бет) кітабында айтты:
«Каррамилер – Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Кәррамның ізбасарлары. Біз оларды «сифатия» (яғни, сипаттарды Аллаһу Тағалаға тура мағынасында бекітушілер) тобына жатқыздық, өйткені олардың сипаттарды бекітулері Аллаһқа дене беру мен жаратылысқа ұқсату дәрежесіне жетті. Оның қалай пайда болғанын және сүннет ұстанушыларына қалай жатқызылғанын жоғарыда айттық...
Әбу Абдуллаһ (ибн Каррам) өзінің құдайын Аршқа бекітілгенін және Аллаһ өз затымен\болмысымен жоғарыда екенін ашық айтты. Сондай-ақ Аллаһу Тағалаға қатысты جَوْهَر («жауһар» - материя) терминін қолданған. Ибн Каррам «Азабу әл-қабр» атты кітабында Аллаһу Тағаланың заты\болмысы мен материясын (джауһар) бір екендігін және Аллаһу Тағала Аршының ең жоғарғы бетімен жанасатының айтқан. Сондай-ақ Ибн Каррам (Аллаһу Тағаланың) қозғалады, өзгереді және түседі деген сенім рұқсат деді...».