Биік өкшелі аяқ киім кию мәселесі
СҰРАҚ:
Аллаһу Тағала: ﴾...жасырған зейнеттерін білдіру үшін аяқтарымен тақылдатпасын...﴿ («Нұр» сүресі, 31-аят) – деген.
Биік өкшелі аяқ киім киіп, жүргенде оның дыбыс шығаратын түрі осы аяттың мағынасына кіреді ме?
ЖАУАП:
Бұрын әйелдер аяқтарына «халхал» деп аталатын қоңыраулы әшекей тағатын. Оның ішінде майда тастар болатын. Әйел жүргенде сол тастар сықырлап, дыбыс шығаратын. Бұл – бейқам жүрген еркектердің назарын өзіне аудартып, бейқам жүрген еркек сол дыбыстан әйелдің киімінің астында әшекей бар екенін аңғаратын. Артынша сол әйелдің сұлулығы не зейнеті оны фитнаға түсіретін.
Ал қазіргі биік өкшелі аяқ киім де дәл осындай дыбыстық ескерту (назар аударту) рөлін атқарады. Тіпті одан да күшті болуы мүмкін. Әсіресе бұл әйелдің ерсі, еркекті еліктіретін жүрісімен қатар келсе — бұл анық ерлерге ескерту (яғни, назар аударту құралы) болады. Сондықтан әйел ондай аяқ киімнің астыңғы жағына дыбысын бәсеңдететін нәрсе қоюы тиіс және жүрісінде жасандылық, ерсі қылық, наздану болмауы керек. Өйткені бұл – өзіне назар аудартуға ұмтылу болып табылады.
Шейх Абдул-Мәлик Абдур-Рахман әс-Сағди әл-Ханафи ән-Нақшбанди حفظه الله تعالى
السؤال/ قال تعالى (وَلا يَضْرِبْنَ بِأَرْجُلِهِنَّ لِيُعْلَمَ مَا يُخْفِينَ مِنْ زِينَتِهِنَّ )(النور: من الآية31)) هل إن وضع الأحذية ذات الكعب العالي الذي يحدث صوتا عند المشي يدخل ضمن مفهوم هذه الآية؟
الجواب/
كانت المرأة تلبس حليا مجوفا في رجليها يسمى الخلخال وفي جوفه حصى صغار، اذا مشت المرأة سمع صوت خشخشة الحصى فيلفت أنظار الرجال الغافلين فيلتفت الرجل إلى المراة ويعلم أن تحت الثياب حليا ، ومن ثم يفتن بجمالها أو زينتها.
والحذاء الحالي يؤدي نفس التنبيه وقد يكون أكثر ولاسيما إذا اجتمع مع ذلك مشية فيها نوع من التبختر والإغراء فهو إذن (تنبيه للغافلين)، فيجب على المرأة أن تضع في أسفله ما يخفي صوته ،وأن لا تتصنع في مشيتها وتتخنث لتلفت النظر إليها.