August 4

«Жәннаттың есіктері қылыштардың көлеңкесінің астында».

Хазіретті Әбу Муса былай дейді: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Жәннаттың есіктері қылыштардың көлеңкесінің астында».

Сонда киімі жұпыны бір адам тұрып: — Әй, Әбу Муса! Сен бұл сөзді Аллаһ Елшісінен ﷺ естідің бе? — деп сұрады. Ол: — Иә, — деп жауап берді.

Сонда әлгі кісі жолдастарына барып: — Сендерге сәлем! — деді де, қылышының қынын сындырып, лақтырып жіберді. Сосын қылышын алып, жауға қарсы аттанып шейіт болғанша соғысты». Хадисті Муслим жеткізді.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3852) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Жәннаттың есіктері қылыштардың көлеңкесінің астында») яғни, шайқасқа қатысып, жау қылыштары үстінен төнген күйде тұрған мұсылманның бұл жағдайы жәннатқа себеп болады — тіпті жәннаттың есіктері оның жанында тұрғандай әсер қалдырады. Немесе бұл жерде айтылған қылыштар — муджаһидтердің қылыштары, ал бұл — соғыс кезінде жауға өте жақын баруды меңзеген ишара. Өйткені қылыш — жиһадтағы ең көп қолданылатын қару.

Ат-Тыйби айтты: «Қылыштардың көлеңкесінің астында» деген сөз — қылыштардың қындарынан шығарылғанын көрсетеді. Кейін бұл сөз — қылыштардың муджаһедтердің бастарының үстінен өтіп көлеңкелеген секілді екенін меңзейді. Бұл — қылышпен шайқасып жатқан жағдайды білдіреді. Бұл — Аллаһтың сөзін (яғни, шариғатын) үстем етіп, Оның тура дінін қорғау деген сөз. Мұндай іс иесін жәннаттың барлық есігінен, тіпті өзі қалаған есігінен кіруіне мүмкін береді. Бұл — ерекше құрмет. Бұл хадис: «Жәннат аналардың аяғының астында» деген сөзден де құрметті\абыройлы». Бұл сөзімен (ат-Тыйби) «Жәннаттың есіктері қылыштардың көлеңкесінің астында» деген хадис «Жәннат аналардың аяғының астында» деген хадистен де әсерлеу екенін меңзеп тұр. Бірақ бұл риторика ғалымдарының арасында бірауызды мәселе емес. Себебі бір нәрсе басқа бір нәрсенің көлеңкесінің астында болуы, оның есігінің көлеңкесінде болуынан гөрі жақындықты көбірек білдіретіні анық. Өйткені есіктің алдында тұрған адам оған кіруге мұқтаж, ал алғашқысы тікелей сол нәрсенің ішінде тұрғандай әсер береді. Имам ән-Нәуәуи айтты: «Бұл хадистің мағынасы — жиһад пен шайқасқа қатысу — жәннатқа жол және соған кіргізетін себеп».

Мен айтам: «Бұл солай, әрі бұл сөзде әсірелеу бар — яғни адам жиһад үстінде жүрген кезінде жәннатта тұрғандай болады, алдыңғыда айтылғандай». (Сонда киімі жұпыны бір адам тұрып:) яғни жағдайы жоқ, көңілі жабырқау адам. «Ән-Ниһая» кітабында: «Киімі тозған», ескі киім деген мағынада деді. ( — Әй, Әбу Муса! Сен бұл сөзді Аллаһ Елшісінен ﷺ естідің бе? — деп сұрады) яғни, бұл сөзді сен анық және сенімді түрде естідің бе? ( — Иә, — деп жауап берді. Сонда әлгі кісі жолдастарына барып) яғни, сапардағы жолдастарына барып: ( — Сендерге сәлем! — деді де) яғни, қоштасу сәлемі, (қылышының қынын сындырып) қылыштың қабы, қының сындырып, (лақтырып жіберді) яғни, қынды лақтырды. Бұл — ақыретке бет бұрғаннан кейін енді дүниеге қайтапайтының білдіретін ишара. (Сосын қылышын алып, жауға қарсы аттанып шейіт болғанша соғысты». Хадисті Муслим жеткізді) және Ахмад пен әт-Термизи жеткізді».