September 1
Мухаммад ибн Абдулуаһһаб ән-Нәжди туралы хадис иелерінің пікірі.
Ұлы ғұлама, ханафи ғалымы, шейх Кәл ар-Рахман әл-Арюби әл-Хаққани әл-Ханафи әл-Матуриди, оның берекесі жалғассын, «әр-Рисалату әл-Хаққания әл-Ғалия»¹ атты еңбегінде былай дейді:
Ғұлама Халил Ахмад әс-Саһаранфури әл-Ханафи әд-Матуриди, Аллаһ қабірін нұрландырсын, «әл-Муһәннәд әлә әл-Муфәннәд» кітабында, яғни Деобанд әһлі сүннет уәл-жамағатының ақидасына қатысты сұраққа берген жауабында былай дейді:
«Сұрақ қоюшы: Мухаммад ибн Абдулу-Уаһаб ән-Нәжди мұсылмандардың қанын төгуді, мал-мүлкін және ар-намысын аяқасты етуді халал санаған, адамдардың барлығын ширкке теліген әрі өткен ізгілерді сөккен. Бұған қалай қарайсыздар? Құбыла иелерінен болған бұрынғы мұсылмандарды кәпірге шығаруға рұқсат бересіздер ме, әлде ұстанымдарыңыз қандай?» — деп сұрады.
Жауап: Біздің олар туралы үкіміміз — «әд-Дурру әл-Мухтар» кітабының авторы хауариждер жайында айтқан үкім:
“Хауариждер — күш-қуаты бар бір топ. Олар өздерінің жорамалына сүйеніп, оған (басшыға) қарсы шыққан. Оны күпірлік немесе соғысуды міндеттейтін күнә секілді жалған нәрседе деп санаған. Сол жорамалдарына сүйеніп, біздің қанымыз бен мал-мүлкімізді халал санайды, әйелдерімізді тұтқынға алады және Пайғамбарымыздың ﷺ сахабаларын кәпірге шығарады. Фақиһтардың ижмағы бойынша олардың үкімі — бүлікшілердің үкімі. Мұны «әл-Фатхта» егжей-тегжейлі анықтап баяндаған. Біз оларды кәпір демейміз, өйткені олардың ісі жорамалға негізделген, ол жорамал жалған болса да”».
Ғұлама Ануар Шаһ әл-Кәшмири әл-Ханафи әл-Матуриди, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, былай деген:
«Расында, ол — яғни Мухаммад ибн Абдул-Уаһаб ән-Нәжди — түсінігі таяз, білімі аз адам еді. Сондықтан адамдарға күпірлік үкімін беруге асығатын».
«Уа, Аллаһ! Пайда бермейтін білімнен, қорықпайтын жүректен және қабыл болмайтын дұғадан Өзіңе сыйынамын. Әмин, уа, әлемдердің Раббысы!»
¹«Әр-Рисалату әл-Хаққания әл-Ғалия» кітабына мына ғалымдар мақұлдаған:
- Шейх, ғұлама Мухаммад Абдул-Қуддус әл-Кабули әл-Афғани.
- Ғұлама Абдул-Уахид ән-Нақшбанди.
- Бас муфти Мухаммад Фарид әл-Муджаддиди, хадис пен пәтуа ісінің қызметшісі, Дарул-Улум әл-Хаққания ғалымы. Оны мүміндердің әмірі Һибатуллаһ Ахундзада әл-Ханафи әл-Матуриди мақтап, былай деген:
«Мәуләнә Кәл ар-Рахман әл-Хаққанидің “әр-Рисалату әл-Хаққания” атты еңбегінің әр жерінен әртүрлі тақырыптарды қарап шықтым. Оның мазмұны үлкен ғалымдардың пікірлеріне сай екенін көрдім...» - Ғұлама Сайфулла әл-Хаққани, Дарул-Улум әл-Хаққанияның қызметкері, Акора Хаттак.