﴾Егер жер бетіндегілердің көпшілігінің сөзіне еріп, ырқына көнетін болсаң, сені Аллаһтың ақ жолынан адастырып жібереді﴿.
﴾Егер жер бетіндегілердің көпшілігінің сөзіне еріп, ырқына көнетін болсаң, сені Аллаһтың ақ жолынан адастырып жібереді﴿ «әл-Әнғам» сүресі, 116-аят.
Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:
«Бұл аят — жер бетінде өмір сүрген адамдардың көпшілігі адасуда болғанын көрсетеді. Олар пұттарға, жансыз бейнелерге табынатын еді. Аятта «жердегілердің көбісі» деп нақты айтылған.
Сондай-ақ, ﴾сені Аллаһтың ақ жолынан адастырып жібереді﴿ дегені — олардың адамдарды Аллаһтың жолынан тайдыруға шақыратынын білдіреді.
Бұл аят сыртқы тұрғыдан Пайғамбарымызға ﷺ бағытталғанымен, шын мәнінде бүкіл мұсылмандарға қатысты. Өйткені Пайғамбардың ﷺ ондай адасқан көпшілікке ермейтіні белгілі.
Осыдан мынаны да түсінуге болады: жер бетінде Аллаһқа құлшылық ететіндер, пайғамбарлардың шынайы дінінде болған адамдар да болған. Бірақ олар азшылық еді».