Шейх Абдур-Разақ әс-Сағдидің, Аллаһу Тағала өз панасына алсын, насихаты
Шейх Абдул-Мәлик Абдур-Рахман әс-Сағди әл-Ханафи ән-Нақшбандидің туған бауыры.
Шейх Абдур-Разақ әс-Сағдидің, Аллаһу Тағала өз панасына алсын, насихаты:
«Мен ондаған жылдар бойы конференциялар мен семинарларға қатысу үшін немесе сабақ беру үшін әлемнің бірқатар араб, ислам және араб емес елдерінде болдым және араб емес мұсылмандардың намазда: жеке оқысын немесе жамағатпен, имам болсын немесе ұйюшы болсын барлығы бірдей намазға тұрған кезде бастарына тақия киетіндерін көрдім. Және олардың бірі қалтасында немесе сөмкесінде немесе көлігінде әрқашан басына киетін тақия алып жүретінін көріп, мен оларға бұл жақсылығы үшін алғыс айттым, өйткені басты жауып жүру игі сүннеттердің бірі. Ал араб мұсылмандарына келсек, мен олардың көбінің намазда жалаңбас тұратындарын көрдім, әсіресе Құран мен сүннетті ұстанамын дейтіндердің (яғни, уаһабилер) бәрі бірдей жалаңбас: имам, ұюшы, жалғыз намаз оқушы немесе жамағатпен намаз оқушы. Бұл өте ауыр көрініс. Арабтар сүннетті ұстануда бірінші болуы керек, өйткені Құран араб тілінде түсті, пайғамбар арабтардан болды, арабтар алғашқы болып дінді әлемге жайды, сол себепті біз (арабтар) араб емес мұсылмандарға қарағанда сүннетті ұстануда күшті/мықты болуымыз керек. Сондықтан мұсылмандар пайда алып, адамзаттың мырзасы/басшысы болған Аллаһ Елшісі Мухаммадтан ﷺ үлгі тұтсын деген ниетпен, Аллаһтың қолдауымен, насихатымды ұсынамын. Жаратушы және тура жолға бағыттаушының қолдауымен, мен Аллаһу Тағаладан жәрдем тілеп айтамын:
1 – Намаздың дұрыс болуының шарттарының бірі – әуретті жабу. Әйелдің бүкіл денесі – жүзі мен қолынан басқа. Егер фитна қауіпі болмаса онда қолы мен жүзін ашса рұқсат. Егер намазда әйел денесінің қандайда бір жері ашылса, онда намазы бұзылады және әуерт жерінің бірі намаз сыртында махрам болмаған ердің алдында ашуы харам.
Ал ер адамның намазда немесе намаз сыртында ашуға тыйым салынған әурет жерлері кіндік пен тізенің арасы. Бұл жерлер жабылмайынша ер адамның намазы дұрыс болмайды. Сондықтан ер адамның басы әурет болмағандықтан, жалаңбас жүру харам емес және жалаңбас түру себепті намазда бұзылмайды. Егер намазды жалаңбас оқыса намазы дұрыс, бірақ шариғат құп көрген істі тәрк еткен болады.
2- Ғибадат кезінде жалаңбас болу екі түрлі:
• Жалаңбас болу арқылы Ұлы Аллаһу Тағалаға құрмет пен құлдық таныту және Оған мойынсұнуды мақсат ету. Бұл уәжіп пен рұқсаттың арасында және мұндай жерде жалаңбас болуда ешқандай караһат жоқ. Басын ашу уәжіп болған жер бар: қажылық немесе умрада ихрам кигенде және жалаңбас болу мустахаб жер: жаңбыр сұрау дұғасында (истисқа).
• Жалаңбас болу арқылы Аллаһқа бағыну немесе мойынсұнуды мақсат етпеу, бұл мәкруһ болып табылады. Намазда басты жабу әдемілік және сүннет. Өйткені намазда басты жабу Аллаһу Тағала бұйырған әдемілікке жатады: {Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде де намаз оқитын болсаңдар, таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер} («әл-Ағраф» 31 аят).
3- Намазда ер адам басын жауып тұру – Жаратушы Иеміздің алдындағы жалпы әдептердің бірі және тақия адамға абырой, құрмет пен бедел береді. Басты жабу арқылы мұсылманның сыртқы келбеті жақсы көрсетілуіне себепші болатын барлық талап етілетін нәрсеге қол жеткізіледі. Пайғамбар ﷺ былай деді: «Расында, Аллаһу Тағала Ізгі және ізгіден басқаны қабыл етпейді» және Пайғамбарымыз ﷺ жалаңбас намаз оқығаны дәлелденбеген, бәлки тақия үстінен сәлде ораған. Сол себепті сүннет кітаптарда Пайғамбарымыздың ﷺ мубарак сәлдесі сипатталады. Егер адам намазды еріншектік немесе селқостықпен жалаңбас оқыса, онда бұл мәкруһ деген ғұламалар. Ибн Әсәкир Ибн Аббастан, Аллаһ одан разы болсын, былай деп риуаят етеді: «Бәлки, тақиясын сутра ретінде қою үшін шешті». Сондықтан намаз үшін әсемдену бұйрығын тәрк етілгені үшін ханафилер мен басқада фақиһтердің пікірлері бойынша жалаңбас намаз оқу мәкрүһ. Ансарлардан болған бір адам Ибн Омарға: «“Уа, Әбу Абдур-Рахман, сәлде тағу сүннет пе?” деп сұрағанда, ол: “Иә” деді». Бұл асарды Ибн Әби Асим «Жиһад» кітабына келтірді. Ибн Аббас, оларға Алла разы болсын, айтты: «Аллаһ Елшісі ﷺ былай деді: «Сәлде ораңдар, даңалықарың артады». Хадисті әл-Баззар мен әт-Табарани «әл-Кәбир» жианғында келтірді және әл-Хаким сахих деді.
Хазіретті Әли, оған Аллаһ разы болсын: «Сәлде – арабтардың тәжі» деді. Асарды Әбу Дәуіт пен әл-Бәйһақи жеткізеді. Біз айтқанымызға сүйенсек, бас киімнің үкімі Аллаһ Елшісінін ﷺ қаулысы және амалы арқылы жеткен сүннет болып табылады.
Сондықтан әрбір мұсылман асыл Пайғамбардан ﷺ үлгі алып және сауап алу ниетімен Пайғамбарымызға ﷺ еріп намаз оқығанда басына тақия киюге кеңес береміз. Намазда басын жабатын тақияны өзімен бірге алып жүру мұсылман үшін қиын емес».
فقه تغطية الرجل رأسه في الصلاة
بقلم : أ.د الشيخ عبدالرزاق السعدي
الحمد لله حق الحمد، والصلاة والسلام على سيدنا محمد ، وعلى آله وأصحابه وأتباعه أهل المجد.
على مدار عشرات السنين زرت عددا من دول العالم عربية وإسلامية وأجنبية لحضور مؤتمرات وندوات أو للتدريس في بعضها، وكنت أشاهدُ المسلمين من غير العرب يغطي أحدُهم رأسه حين يقف لأداء الصلاة فردا أو جماعة إماما أو مأموما وكان الواحد منهم يحمل دائما معه غطاء الرأس إما في جيبه أو حقيبته أو سيارته فحمدت لهم هذه الصنيع لأنه من السنن الحميدة، أما المسلمون العرب فقد شاهدت كثيرا منهم يصلون حاسرين رؤوسهم في صلاتهم وبخاصة الذين يدعون أنهم يتمسكون بالكتاب والسنة فتراه كاشف الرأس سواء أكان إماما أم مأموما أم منفردا وهو منظر مؤلم، فالعرب أولى بتطبيق السنة، فهم من نزل القرآن بلغتهم، ونبيُّهم عربي ، وهم من بلغ الدعوة للعالم، لكننا نجد التمسك بالسنة أقوى عند المسلمين من غير العرب، لذلك أقدم هذه المقالة لعلها تدخل في باب النصح لعامة المسلمين وينتفع بها من هداه الله لاتباع السنة والتأسي بسيد الخلق رسول الله محمد صلى الله عليه وسلم، والله الموفق والهادي إلى سواء السبيل، فأقول مستعينا بالله عز وجل:
1 – من شروط صحة الصلاة ستر العورة، فالمرأة جميع بدنها عورة يجب ستره إلا الوجه والكفين فيجوز كشفهما إن أمنت الفتنة، وإن انكشف شيء من بدنها وهي في الصلاة بطلت صلاتها، وعورتها كذلك خارج الصلاة فيحرم عليها كشف شيء من بدنها أمام الرجال الأجانب ، أما عورة الرجل التي يحرم كشفها داخل الصلاة وخارجها، والتي لا تصح الصلاة إلا بسترها فهي المنطقة الكائنة بين سرته وركبته، وعلى هذا فإن الرأس ليس من عورة الرجل، وكشفه ليس بحرام ولا يبطل الصلاة ، فإذا صلى حاسر الرأس فصلاته صحيحة لكنه لم يفعل الأفضل.
2 – كشف الرجل رأسه في العبادات على نوعين :
• نوع يقصد به الخشوع وإظهار العبودية لله تعالى والتذلل له عز وجل فهو بين واجب وجائز ولا كراهة فيه ومنه وجوب كشف الرأس في الإحرام بالحج أو العمرة، ومنه استحباب كشف الرأس عند دعاء الاستسقاء .
• ونوع آخر من كشف الرأس لايقصد به الخشوع والتذلل فهذا مكروه كما في الصلاة فمن المستحسن والسنة أن يغطي المصلي رأسه في صلاته ؛ لأن تغطية الرأس من الزينة التي أمر الله بها في قوله تعالى: (يا بَنِي آدمَ خُذُوا زِينَتَكمْ عندَ كلِّ مسجِدٍ وكُلُوا واشْرَبُوا ولا تُسْرِفُوا إنَّه لا يُحبُّ المُسرفِينَ) الأعراف: 31.
3- إن تغطية الرجل رأسه في الصلاة من الآداب العامة مع الخالق سبحانه وفيه الهيبة والوقار، فكل ما يُؤدي إلى إظهار المسلم بمظهرٍ حسن فهو مطلوب، وقد قال عليه الصلاة والسلام: ( إنَّ اللهَ طيِّبَ لا يَقبلُ من الأعمالِ إلا طيبًا)، ولم يثبت أنه عليه الصلاة والسلام صلى حاسر الرأس ، بل كان يلبس العمامة ، ولذلك جاء في كتب السنة ذكر أوصاف عمامة النبي صلى الله عليه وسلم، وقد قرَّر العلماء أن المُصليَ إذا صلَّى ورأسه مكشوف فإن كان ذلك تَهاونًا وتكاسلًا فإنه فعل مكروها في صلاته، وقد روى ابن عساكر عن ابن عباس رضي الله عنهما: كان ربما نزَع قَلَنْسُوَتَهُ فجعَلها سُترةً بين يديه، وهكذا يُكره عند الأحناف وغيرهم من الفقهاء صلاة الرجل عاريَ الرأس لمَا فيه مِن ترْك الزينة المَأمور باتِّخاذها حالَ الصلاة، وقال رجل من الأنصار لابن عمر: يا أبا عبد الرحمن، العِمامة سُنَّةٌ؟ فقال: نعمْ. أخرجه ابن أبي عاصم في كتاب الجهاد. وقال ابن عباس رضي الله عنهما: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: (اعْتَمُّوا تَزْدَادُوا حِلْمًا) أخرجه البزار والطبرانيُّ في الكبير وصحَّحه الحاكم، ورُوي هذا الحديث مِن طريق أبي المَليح بن أسامة عن ابن عمر عن أبيه عن النبيَّ صلى الله عليه وسلم ، وقال عليٌّ رضي الله عنه: (العَمائم تِيجانُ العرب). أخرجه أبو داود والبيهقيُّ ، وتأسيسًا على ما ذُكرناه فإن حُكم غطاء الرأس سُنَّةٌ عن رسول الله ـ صلى الله عليه وسلم بقوله وفِعْله.
لذا ننصح كل مسلم أن يتأسى بسيدنا رسول الله صلى الله عليه وسلم وأن يغطي رأسه عند الصلاة لينال ثواب الاقتداء بهذا النبي الكريم عليه الصلاة والسلام، وليس من الصعوبة أن يحمل المسلم معه ما يغطي رأسه عند الصلاة