«Өз істерін әйелге тапсырған халық ешқашан жақсылыққа жете алмайды».
Хазіретті Әбу Бәкір риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ Парсы халқының Кисра қызын патша етіп тағайындағанын естігенде: «Өз істерін әйелге тапсырған халық ешқашан жақсылыққа жете алмайды». Хадисті Бухари жеткізді.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3693) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Аллаһ Елшісі ﷺ Парсы халқының Кисра) «әл-Қамус» кітабында «Кисра» деген атау – патшалығы кең, елге үстемдік жүргізетін, үлкен билік иесі деген мағынада екенін айтқан. «ән-Ниһая» кітабында: ««Кисра» – парсылардың билеушісіне берілетін атақ. Бұл дәл рим патшасының «Қайсар», Мысыр билеушісінің «Перғауын» және Йемен патшасының «Тубба» деп аталуы сияқты лақап есім», (қызын патша етіп тағайындағанын естігенде: «Өз істерін) яғни, яғни, ел басқару, үкім жүргізу, билікке қатысты барлық іс-шараларын (әйелге тапсырған халық) «Шарху әс-Сунна» түсіндірмесінде: «Әйел адамға ел басқару да, қазылық қызмет те лайық емес. Өйткені бұл екі міндет те мұсылмандардың істерімен айналысу үшін сыртқа шығып, қоғам арасында белсенді жүруді талап етеді. Ал әйел - әурет болғандықтан, мұндай қоғамдық әрекеттерге лайық емес. Сондай-ақ, әйелдің табиғатында толықтық пен кемелдікке жетпеген кейбір әлсіздіктер болады, ал қазылық сияқты лауазымдар – басшылық міндеттердің ең жоғары, кемел түрі. Сондықтан ондай қызмет тек ақыл-парасаты кемел, жауапкершілігі толық ер адамдарға ғана лайық». (Хадисті Бухари жеткізді) және Ахмад, әт-Термизи мен ән-Нәсәи жеткізді.»