Шұлыққа мәсіх тарту бабы.
Имам Абдул-Ғани әл-Ғунайми әл-Майдани әд-Димашқи әл-Ханафидің «әл-Любәб фи шархи әл-Китаб» кітабында (2\80-81):
«Әбу Ханифаның, Аллаһу Тағала оған разы болсын, құзырында жұқа немесе қалың шұлыққа мәсіх тарту рұқсат емес, мәсі тек былғарыдан болу керек: яғни тобыққа дейін (яғни, тобықты жауып тұратын) толығымен былғарыдан немесе тікелей жермен жанасатын табаны былғарыдан болу керек, аяқ киім секілді.
Ал Әбу Юсуф пен Мухаммад, Аллаһу Тағала оларды рақымына алсын, айтты: «Шұлыққа мәсіх тартуға рұқсат — мейлі ол толықтай былғарыдан болсын, не тек табаны ғана былғарымен қапталған болсын, не жай шұлық болсын. Егер ол шұлық қалың болып, аяқта байлаусыз өздігінен тұра алса және мәсіх тартқан кезде суды өзіне сіңіріп, аяққа өткізіп жібермейтін болса — яғни су шұлықтан өтіп, аяққа жетпесе, — онда мұндай шұлыққа мәсіх тартуға болады. Бұл — оның қалың екенін дәлелдейді».
«Әт-Тасхих» кітабында: «Имам Әбу Ханифа қандай да бір шұлыққа мәсіх тартуға болмайды деген бастапқы пікірінен бас тартқан. Ол кейінірек шәкірттері Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарасына қайтқан және пәтуа да солардың пікіріне сай беріледі. Әл-Һидая кітабы».
Қорытынды Қадиханның «Шраху әл-Джәмиғ» кітабында келгендей:
«Егер шұлық қалың болып, екі табаны да былғарымен қапталған болса, онда оған мәсіх тартуға ешбір талассыз рұқсат етіледі.
Ал шұлық жұқа әрі табандары былғарыдан болмаса, онда оған мәсіх тартуға ешбір талассыз рұқсат жоқ.
Егер шұлық қалың болса, бірақ табандары былғарыдан болмаса, бұл жағдайда Имам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша рұқсат емес, ал оның екі шәкірті — Әбу Юсуф пен Мухаммадтың пікірінше, рұқсат.
Сондай-ақ, Имам Әбу Ханифаның қайтыс болар алдындағы науқасы кезінде осы бастапқы көзқарасынан бас тартып, екі шәкіртінің пікіріне қайтқаны жөнінде риуаят етіледі».