February 11, 2025

«Аллаһ барлық жерде» деген ақиқатында кімдердің сенімі?

Уаһабилік Мухаммад ибн Суләйман Әәли Бәссәм¹ өзінің «Маджмуғ ар-расаил уә әл-фәтәуә уә әл-мәқаләт» (1\280) кітабында келесі бір уаһабилік ибн Усәимин туралы айтты:

«Ал сенің: «Шейх Ибн Сағди өзінің шәкірті Мухаммад ибн Усәйминді мешітінде имамдыққа, құтпа айтуға және дәріс беруге тағайындады...» деген сөзіңе келсек, таңғаларлық! Таңғаларлық! Таңғаларлық! Қалайша оны бұған тағайындайды, егер шейх Ибн Сағди өзі маған: «Ибн Усәймин — шәз (адасқан, шектен шыққан пікір иесі)», — деп айтқан болса. Өзінің оны шәз деп санаған сөзі бола тұра, қалайша оны тағайындайды?!

Бұл нәрсе Мухаммад әл-Муттаууғ оны сол қызметке қойғаннан кейін анық көрінді. Оның (яғни, ибн Усәйминнің) шәз пәтуалары арқылы оның ауытқуы байқалды. Соның ең үлкендерінің бірі — оның: «Аллаһ бізбен затымен бірге», — деген сөзі. Аллаһ оның және Аллаһ жаратылысқа енеді деп сенетіндердің сөздерінен тым Пәк әрі Ұлы!

Егер біз оның шәз пәтуаларын тізе бастасақ, олармен бірнеше томды толтырар едік! Соның бірі — адамдар айтатындай — оның «Зәд әл-Мустақниғ» кітабын он екі том етіп шархтауы. Ал «әл-Иқнағ», «әл-Мунтаһа» және басқа да көлемді кітаптардың шархтары мұндай көлемге жетпеген. Ендеше қысқаша мәтін болған кітаптың шархы қалайша бұлай болады?! Бұл — өте таңғаларлық нәрсе.

Аллаһ оны рақымына бөлесін, кешірсін және бізді де, оны да жарылқасын.

Мен мұны саған насихат ретінде жаздым: анық зерттемеген нәрсеңді жазба әрі сөйлеме. Тауфиқ беруші — Аллаһ. Ол тура жолға бастаушы.

Сендерге Аллаһтың сәлемі, рақымы және берекеті болсын».

¹Мухаммад ибн Суләйман Әәли Бәссәм — Харам мешітінде ұстаздық еткен уаһабилердің арасындағы үлкен шейхтардың бірі әрі уаһабилік авторитет Абдур-Рахман ибн Насир әс-Сағдидің ең жақын шәкірттерінің бірі болған. Тіпті кейбіреулер оны «баласындай еді» деп сипаттаған. 1913–2010 жылдар аралығында өмір сүрген.

²Уаһабилік шейхтардың бірі Әбу Абдуллаһ Абдур-Рахман ибн Насир әс-Сағди — уаһабилік шейхтардың бірі. 1889–1957 жылдар аралығында өмір сүрген. Еліміздегі уаһабилер арасында оның «Ummah» баспасы шығарған «Облегчение от Щедрого и Милостого» атты орыс тіліндегі тәпсірі кең таралған. Уаһабилік ибн Усәймин де өзін осы кісінің шәкіртімін деп таныстырған.

Уаһабилік Усәйминнің Аллаһу Тағала затымен барлық жерде деген жасырын ақидасын ашық айтуы:

Залдан: «Біз Аллаһу Тағала Аршыға затымен истиуа етті дейміз әрі сонымен қатар Аллаһу Тағала затымен бізбен бірге дейміз бе?» — деп сұралғанда, уаһабилік Усәймин:

«Аллаһу Тағала затымен Аршысының үстінде әрі сонымен қатар бізбен бірге деп сенеміз. Бірақ біз мұны ашық айтпаймыз. Өйткені Аллаһтың білім сипаты — Аллаһтан бөлінбейтін сипат. Сондықтан Аллаһтың білімі бізбен бірге, ал Аллаһтың Өзі аспанда деу мүмкін емес», — деп жауап берген.

Сілтеме: https://youtu.be/WR9x8jZwU-4?feature=shared