October 11

«Кімде-кім жәһилиет кезіндегідей ұран тастаса, оған: «Әкеңнің жыныс мүшесін тісте!» – деп айтыңдар және ауыспалы мағынада айтпаңдар».

Әбу ибн Кағб (Аллаһ одан разы болсын) риуаят еткен хадисте айтты: «Мен Аллаһ Елшісі ﷺ былай дегенін естідім: «Кімде-кім жәһилиет кезіндегідей ұран тастаса, оған: «Әкеңнің жыныс мүшесін тісте!» – деп айтыңдар және ауыспалы мағынада айтпаңдар». Хадисті «Шарх әс-Сунна» кітабында риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4902) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Кімде-кім жәһилиет кезіндегідей) яғни, (өзгелерді кемістіп) өз руымен, ата-бабаларымен мақтанып (ұран тастаса) яғни, өзін соларға телінсе, (оған: «Әкеңнің жыныс мүшесін тісте!» – деп айтыңдар) яғни, бір нәрсені тіспен немесе тілмен тістеу деген мағына береді. «Әл-Қамуста» солай делінген (және ауыспалы мағынада айтпаңдар») яғни, бұл сөзді ишаралап айтпаңдар, ашық айтыңдар. Яғни, әкесінің мүшесін тұспалдап айтпай, ашық атап, сол арқылы оны тәрбиелеп әрі жазалаңдар.

Тағы бір пікір бойынша: кімде-кім жәһилиет дәуірінің жолын қайта тірілтіп, олардың лағынет, балағат, кісіні қорлау, тәкаппарлық сынды әдеттерін қайта жандандырса, онда сендер де оған әкесінің күнәларын — пұтқа табынуы, зина жасауы, арақ ішуі сияқты кемшіліктерін анық, ашық түрде айтыңдар, ишаралап айтпаңдар; сонда ол басқа адамдардың ар-намысына тиісуден бас тартады».

Ескертпе: Бұл хадис арқылы Пайғамбарымыз ﷺ жәһилиет дәуіріндегі (күпірлік пен надандық кезіндегі) әдеттерге, атап айтқанда — өзгені кемсіту арқылы өзінің руымен, тайпасымен немесе халқымен мақтануға, сондай-ақ күпірлікте болған ата-бабаларымен мақтануға қатаң тыйым салған. Ал егер адам мұсылман ата-бабасын олардың иманы, тақуалығы немесе діндегі еңбегі үшін мақтан тұтса, бұл шариғатта рұқсат етілген және оған тыйым жоқ.