June 28

«Әл-Ғасб» (біреудің дүниесін заңсыз иемдену) кітабы

▪️ Біреудің дүниесін иесінің рұқсатынсыз алу рұқсат емес, ал егер рұқсатсыз алса: ол - «ғасиб» (заңсыз тартып алушы\иемденуші), тартып алынған дүние - «мағсуб» (күшпен алынған\тартып алынған\басып алынған дүние), ал тартып алынған заттың иесі «мәлик мағсубан минһу» (дүниесі тартып алынған) деп аталады.

▪️ Дүниені заңсыз тартып алған адам оны иесіне қайтару міндет, тіпті ол дүние ғасибтің (заңсыз тартып алушы\иемденушінің) қолында құртылған болса да: егер құтылған зат өлшенетін микьяль (бидай, арпа секілді сусымалы (сыпучие)) немесе мәзнун (алтын немесе күміс секілді) мисли нәрсе болса, онда сол нәрсенің өзін қайтару керек; ал егер жануар секілді мисли нәрсе болмаса, онда құртылған жануардың құнын қайтару керек.

▪️ Егер зат ғасибтің (заңсыз тартып алушы\иемденушінің) қолында қандай-да бір нұқсанға ұшыраған болса, онда сол нұқсанның орнын толтыру керек.

▪️ Кім ақша ұрлап немесе заңсыз тартып алып\иемденіп, сосын сол ақшаны саудаға салып пайда көрген болса: онда иесіне ақшаның орнын толтырады және саудадан түскен ақшаны қарызға батқан адамға садақа етеді (осы абзал, ал егер пақырларға берсе, рұқсат).

▪️ Біреудің көйлегін жыртып алса: егер жыртық кішкентай болса, онда сол нұқсанның орның толтырады; егер жыртық үлкен болса және сол себепті жарамсыз болса, көйлектің иесі ол адамға толық көйлектің құнын өтеп беруін талап етсе болады, егер көйлекті жыртқан адам толық толық бір көйлектің құнын өтесе, онда ол әлгі жыртылған көйлекке ие болады.

▪️ Егер біреудің жерін заңсыз иемденіп ғасиб (заңсыз тартып алушы\иемденуші) сол жерге ғимарат тұрғызып қойса: онда жер иесінің мүлкінен шығып, ғасибтің (заңсыз тартып алушы\иемденушінің) мүлкіне өтеді және жердің иесіне әлгі жердің құнын төлейді.

▪️ Егер біреу көйлекті заңсыз иемденіп, кейін оны бояп тастаса (яғни, көйлектің түсін өзгертіп тастады): көйлектің иесінде таңдау бар: қаласа көйлектің толық құнын төлетеді және ғасиб (заңсыз тартып алушы\иемденуші) көйлектің құнын төлегеннен кейін көйлекке иелік етеді; қаласа көйлекті өзіне қайта алып, көйлекті бояуға кеткен құнын ғасибқа (заңсыз тартып алушы\иемденуші) төлейді.

▪️ Егер біреу затты заңсыз иемденгеннен кейін затты жоғалтып алып, иесіне жоғалған заттың құнын төлегеннен кейін заңсыз иемденген заты қайта табылса: егер ғасиб (заңсыз тартып алушы\иемденуші) әлгі заттың құнын мүлік иесінің белгілеген мөлшерімен өтеген болса, онда табылған зат бұрынғы иесінікі емес, ғасибтікі (заңсыз тартып алушы\иемденуші). Өйткені мүлік иесі ол заттың құн белгілеу арқылы ол затты өзінің мүлкінен шығарды (яғни, сатып жіберген секілді); егер ғасиб (заңсыз тартып алушы\иемденуші) әлгі заттың құнын мүлік иесі белгілеген мөлшерден аз қылып өтеген болса, онда заттың иесінде таңдау бар: қаласа ғасибтің (заңсыз тартып алушы\иемденуші) өтеген құнын өзінде қалдырады (зат ғасибте қалады), қаласа затты кері қайтарып, бұрын алған құнды ғасибке (заңсыз тартып алушы\иемденуші) кері қайтарады.

▪️ Біреудің малын иесінің рұқсатынсыз сауып алу рұқсат емес.

▪️ Біреудің затын иесінің рұқсатынсыз алу рұқсат емес, тіпті ине немесе жіп секілді болмашы зат болса да; егер біреудің затын рұқсатсыз алып, кейін сол затты құртып алса: оған сол затты немесе сол заттың құнын өтеу керек немесе иесінің кешірімін алу керек; егер затты қайтармаса\құнын өтемесе немесе иесінің кешірімін алмаса, онда қиямет сұралады.

Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 402-403 бет.