«Шын мәнінде (Адам ұрпақтарының) жүректері Аллаһтың екі саусағының арасында, Ол оны қалағанша өзгертеді».
Бізге Һәннад жеткізді, ол Әбу Муғауиядан, ол әл-Әғмаштан, ол Әбу Суфияннан, ол Әнәстің былай деп айтқанын жеткізді: «Аллаһ Елшісі ﷺ ең көп оқитын дұғасы: «Иә, жүректерді (қалауынша) өзгертуші (Раббым)! Жүрегімді дініңе бекім ет!» («Иә, муқаллибу-лқулуб! Сәббит қалбий әлә дииник!»). Мен: ««Уа, Аллаһтың Елшісі, біз саған және сен әкелген нәрселерге сендік, бірақ сен біз үшін әлі де қорқасың ба?», - деп сұрағанымда, ол ﷺ: «Иә, шын мәнінде (Адам ұрпақтарының) жүректері Аллаһтың екі саусағының арасында, Ол оны қалағанша өзгертеді», - деп жауап берді»».
Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (7\391) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«Жүректерді өзгерту Оған жеңіл, яғни: Аллаһу Тағала құлдарының және басқалардың жүректерін қалағанынша басқарады және Оған ешкім кедергі бола алмайды және Оның қалауынан ешкім қашып құтылмайды. Бұл сөздерді Пайғамбарымыз ﷺ жиі айтқанындай мүміндер де өте жиі айтуы керек. Құранда Аллаһу Тағалаға қатысты «қол» мен «екі қол», «жүз», «балтыр» секілді сөздер муташаббиһ аяттардан болғаны секілді, хадисте келген «екі саусақ» деген сөзде муташаббиһ хадистерден. Бұл мәселеде сүннет иелері үшін екі жол бар: тафуид және тәуил жолы. Біріншісі – өткен ізгілердің жолы, екіншісі – кейінгілердің жолы. «Мирқат әл-Мәфәтих» кітабының авторы (яғни, Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди) осы тараудағы хадисте түсіндіріп, «екі саусақ» сөзін «құдірет» деп түсіндірген. Бұл екі жол да біздің көзқарасымыз бойынша рұқсат етілген, мысалы, «ән-Набрас» (152-бет) кітабында келгендей: «Сүннит ғалымдары (муташаббиһ аяттар мен хадистердің) мағыналары өткен ізгілерден анық келгеніненекеніне келіскен. «Өткен ізгілерден анық» деген сөздің мағынасы, Аллаһу Тағала қалаған нәрсесіне иман ету және ол туралы білімді Оған тапсыру. Екіншісі, өз заманында бұзылған мазһабтардың кең етек алуына байланысты оны Аллаһу Тағалаға лайық етіп түсіндіру».
«Әл-Фәтәуә ат-Татархания» (5/462) кітабында:
«Сүниите иелері үшін барлық муташаббиһ аяттар мен хадистерге қатысты негізгі қағида екі жол: Олардың бірі – Аллаһу Тағаланың айтқанына иман ету – Аллаһу Тағаланың қалағана және түсіндірумен айналысудан бас тарту. Екіншісі – дұрыс түсіндірме беру. Аллаһу Тағала қалаған мағынаға келу үшін бұл түсіндірме (Аллаһу Тағаланың сипаттарын) жоққа шығаруға немесе ұқсатуға әкелмеуі керек. Аллаһу Тағала айтты: Ол қалаған нәрсеге иман ету, (және муташаббиһ аяттар мен хадистердің) түсіндірмесі жоғырады айтып өткендей және сол дұрыс. Құранда Аллаһу Тағалаға қатысты айтылған «жүз», «көз» және «тарап» туралы да солай айтамыз. Ал кім Аллаһу Тағаланың қандай да бір сипаты жаңадан пайда болған десе, кәпір болады».
(Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуридидің)«Мирқату әл-Мәфәтих» (1/162) кітабында:
««Рахманның саусақтары»: бұл жерде «саусақ» сөзі ауыспалы мағынада қолданылған, яғни: құлдарның жүректерін өзгерту Оның құдіретінде оңай, яғни Аллаһу Тағала құлдарының және басқалардың жүректерін қалағанынша басқарады және бұл істе Оған ешнәрсе кедергі бола алмайды және Оның қалауынан ешнәрсе қашып құтылмайды. Мысалы, «пәленше менің қолымда» деген сөз секілді, яғни, адам оның (ағза болған ақиқи болған) қолында екенін білдірмейді, керісінше, ол Менің құдіретімнің астында. «Пәленше менің саусақтарымның арасында, қалағанымды істеймін», яғни, Оған бағынышты және қалай қаласа, солай басқарады.
Айтылды: «Екі саусақ» дегеніміз – аса ұлылық пен аса жомарт сипаты болып табылатын Алланың сипаттары. Ұлылық сипатымен (құлын) әділетсіздікке, ал аса Жомарт сипатымен тақуалықпен шабыттандырады, яғни Аллаһу Тағала құлын кейде әділетсіздіктен тақуалыққа, кейде тақуалықтан әділетсізге айналдырады. Айтылды: «Хадисте келген «екі саусақ» сөзінің мағынасы Оның мейірімі мен құдіретінің әсерінің арасында, яғни: Ол оны иман мен күпірлік, мойынсұнушылық пен күнәкар күйіне өзгертуге қабілетті. Әл-Қади айтты: «Жүректерді өзгерті Аллаһу Тағалаға тән, бұл оның жүрек істерін өз иелігіне алғанын және оны (яғни, жүрек істерін) періштелерінің ешқайсысына бермегенің көрсетеді».