«Өсімқорлық жемейтін ешкім қалмайтын уақыт келеді...»
Хазіретті Әбу Һурайрадан Аллаһ Елшісінен ﷺ риуаят етілген хадисте: «Өсімқорлық жемейтін ешкім қалмайтын уақыт келеді, егер адам өсімқорлықтан бас тартса, оған бәрібір өсімқорлықтың буы әсер етеді» және басқа бір риуаятта: «... өсімқорлықтың тозаңы әсер етеді». Хадисті Ахмад, Әбу Дәуіт, ән-Нәсәи және ибн Маджа риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2818) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Өсімқорлық жемейтін ешкім қалмайтын уақыт келеді) яғни, бағамдап айтқанда: Адамдардың ешқайсысында өсім жеді деген сипаттан басқа сипат болмайды, бұл өсімқорлықтың адамдар арасында жаппай таралып, өсімқорлық жемеген адам қалмайды деген астарлы мағына, (егер адам өсімқорлықтан бас тартса, оған бәрібір өсімқорлықтың буы әсер етеді») яғни, өсімқорлықтың әсері оған өсімқорлық келісіміне куә болу немесе сол келісімді тіркеу немесе өсімқорлыққа қатысы бар адамның үйінде қонақ болу арқылы асын жеу немесе сыйлығынан алу арқылы жетеді. Мағынасы мынада: егер біреу өсімқорлықтан аман деп есептесек те, өте аз болса да оның әсерінен аман емес. Ат-Тыйби айтты: «... өсімқорлық жемейтін адамдарды көп көреміз, сондықтан ол метафораның жалпылығына негізделуі керек, сонда ол ақиқи мағынаны да, ауыспалы мағынаны да қамтиды. Сондықтан ол: «Егер адам ақиқи өсімқорлық жемесе, өсімқорлықты астарлы түрде (яғни, өсімқорлық жейтін адамнан сыйлық немесе қарызға ақша алу немесе үйінде қонақ болып асын жеу арқылы) жейді», - деп егжей-тегжейлі ашықтады. Бу мен тозаң – өсімқорлықпен салыстырылатын ауыспалы сөздер»».