Сүйю және қол алысып амандасу мәселесі
«Ер адамның басқа бір ер адамның ауызынан, қолынан немесе қандай да бір жерінен, сондай-ақ әйел адамда да кездескен және қоштасқан сәтте бір-бірін шаһуатпен сүюі – мәкруһ тахрим. Ал егер бұл мейірбандық мақсатында болса – рұқсат.
Ата-ананың кішкентай сәбиді сүюі – сауап, өйткені бұл жерде мейірімділік бар. Досының немесе өзгелердің сәбиі мен кішкентай балаларын сүю де осы секілді.
Ата-ананың өз балаларын сүюі – махаббат (ынтықтық); ал баланың өз ата-анасын сүюі – рақым деп аталады.
Шаһуатпен сүю – ерлі-зайыптылардың бір-бірін немесе күңді ернінен сүюі арқылы болады.
Сәлем мақсатында сүю – мүміндердің бір-бірінің қолынан сүюі.
Мейіріммен сүю – бауырының маңдайынан сүю.
Діндегі сүю – Қағбадағы Қара тас пен Қағбаның табалдырығын немесе Құран Кәрімді сүю.
Ғалымның немесе әділ патшаның қолынан сүюде еш айып жоқ. Кейбір ғалымдар мұны сүннет деген. Ғалымның басынан сүю — одан да абзал.
Ғалымның немесе тақуаның аяғын сүюге рұқсат сұраса, рұқсат береді делінсе, басқалары рұқсат бермейді деген.
Басқа біреумен кездескенде өз қолын сүю – мәкруһ тахрим. Ғалымдар мен беделді кісілердің алдында жерді сүю – егер ол құлшылық немесе асыра дәріптеу ниетімен болса – күпірлік. Ал егер тек сәлем беру мақсатында болса – күпірлік емес, бірақ күнә.
Намаздан кейін қол алысу – барлық жағдайда мәкруһ. Ал мұсылман бауырын кездестіргенде – сәлем сөзінен соң, екі қолымен, қолғапсыз амандасу – сүннет».
Фақих, шейх (ән-Нәхләуй атымен танымал) Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи өзінің «Әд-Дурар әл-Мубаха фи әл-Хазр уә әл-Ибаха», 231 бет.