Екінші мыңжылдықтың Имамы ар-Раббани ән-Нақшбанди әл-Ханафи бидғатты бөлу және мәулітті атап өту дұрыс емес дегені рас па?
«Имам ар-Раббани, Аллаһу Тағала оның сырын қасиетті етсін, «Рисалә әл-Мәбдә уә әл-Мәғад» рисаласында айтты: «Олардың ішінде біз мүмкіндігінше сүннетпен амал етуге және бидғаттан, әсіресе сүннетке нұқсан келтіретін бидғаттан аулақ болуға тырысуымыз керек. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім біздің дінімізге одан емес нәрсені енгізсе, ол қабылданбайды», - деген.
Ең таң қалдыратыны, дін толық және кемел болса да, олар өздері ойлап тапқан бидғаттарымен дінді кемелдендіруді қалайды және ойлап тапқан бидғаттары сүннетке нұқсан келтіретінің тіптен ойламайды.
Мәулана Мухаммад Мурад, Аллаһу Тағала оның сырын қасиетті етсін, былай дейді: «Имам ар-Раббани, Аллаһу Тағала оның сырын қасиетті етсін, өзінің «Мактубатында» бір емес, бірнеше жерде бидғатты қатты сөккен және оның былай қатты сөгуге ақысы бар. Егер имам ар-Раббани болмағанда, бидғаттың қараңғылығы бүкіл Үндістан елдері мен Мәуәранаһр жерлерін шарпыған болар еді».
Имам ар-Раббанидің бұл мәселеге қатысты сөзі (яғни, бидғатты жақсы және жаман деп бөлмеуі) алдынғы буын ғұламалардың, Алла Тағала оларды рақымына алсын, бидғатты жақсы және жаман деп екіге бөлген сөздеріне қайшы келмейді. Алдынғы буын ғалымдар жақсы бидғат деп - алдыңғы буынғыларда ол амалға негіз бар немесе соған ишара ететін амалды атаған, мысалы, мінберлер, мектептер мен шекара күзететін орталықтар салу, кітаптар жазу, дәлелдемелерді жинау және т.б. сияқты, ал жаман бидғатта - оған ешқандай негіз жоқ.
Имам ар-Раббани жақсы бидғаттың алдыңғы буыннан негізі бар болғандықтан оған жалпылама бидғат деген атауды бермейді, сондықтан жақсы бидғат істеген адам оның құзырында бидғатшы болмайды. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір бидғат – адасушылық» деген сөзіне байланысты – бұл жердегі талас тек сөздік тұрғыдан ғана, яғни, хадистегі бидғат сөзі тек жаман бидғатқа қатысты, жақсы бидғатқа емес.
Мырзамыз құрметті шейх Мухаммад Мазһар, Аллаһу Тағала оның сырын қасиетті етсін, «әл-Мақамат әл-Сағдия» кітабында былай деген: «Оның ата-анасы, Аллаһу Тағала оның сырын қасиетті етсін: «Имам ар-Раббанидің, Аллаһу Тағала оның сырын қасиетті етсін, ұстанымы бойынша жақсы бидғат сүннетке кіреді және хадистегі «Әрбір бидғат – адасушылық» деген жақсы бидғатқа кірмейді. Бұл жерде ғалымдар арасындағы (жаман және жақсы бидғат бөлінбейді деген мәселедегі) талас тек сөздік тұрғыдан».
«Сөздік тұрғыдан» деген жердегі түсініктемеде былай делінген: «Сүннетке қайшы келмейтін әрбір жаңалық - ғалымдардың пікірінше жақсы бидғат - ал Имам ар-Раббани болса «жақсы бидғатты» сүннет деп қарастырған, бұл түсініктеме имам ар-Раббанидің сөзін бидғат жақсы және жаман деп мүлде бөлінбейді деген уаһабилерді теріске шығару ретінде жазылған».
Мен айтам: «Бұл сөздік талас бұрынғы ғалымдардан бергі уақыттан бар, ал кейінгілер, әсіресе имам ар-Раббанидің, Аллаһу Тағала оның сырын қасиетті етсін, елінде және соның заманында, жақсы бидғатты ұрандатып, оған дінге еш қатысы жоқ және шариғатта үкім беретін алдыңғы буын ғалымдардың кітаптарына негізделмеген көптеген жаман бидғаттарды кіргізді. Имам ар-Раббани нақты соларға қарсы тұрып, сол себепті Имам ар-Раббани мен олардың арасында хақиқи тартыстар болды.
Оның көптеген хаттарында мәулітті бидғатқа шығарып, оған тыйым салынғаны кездеседі, бірақ бұл тыйым мәуліттің өзіне емес, мәуліттің қалай болғандығына байланысты болды. Мысалы «Мактубаттың» үшінші том, 72-ші хатын көрсеңіз болады¹ (Имам ар-Раббани мәулітті бидғат деді деп айтпас алдын) осыны есте ұстағандарың жөн».
¹Бұл хатында Имам ар-Раббани, Аллаһу Тағала оның сырын қасиетті етсін, егер мәулітте ән, музыка, би және тағы басқа шариғат қайтарған амалдар болмаса, онда рұқсат дейді. Және басқа бір хатында оның уақытында бидғаттан аман қалған мәуліттер қалмағандықтан, Нақшбанди тариқатын ұстанатын мюридтер мәуліттерге бармағаны жақсы деп насихат етеді.
Ән-Нақшбанди, әш-Шәзәли, әл-Қадари тариқаттарының Имамы болған Шейх Сайфуллаһ Қади әд-Дағистани, «Кәнзу әл-Мағариф фи әсрар әл-латаиф», 905-906 бет.