June 30

Исламды дәріптеу міндеті

Мұсылманның басты міндетінің бірі – Исламды дәріптеу. Осыған байланысты Шейхул-Ислам Мустафа Сабри әл-Ханафи, Аллаһ оны рақымына алсын, өзінің «Мауқифу әл-Ақл» (4/259-260) кітабында (бұл қазіргі заманда жазылған ақида туралы ең жақсы кітап деп айтылады) айтты:

«Надандар дауыс көтеріп, шариғат мәселелерін зерттеумен айналысқан мына өте қиын заманда кімде-кім Аллаһу Тағаламен мұсылман күйінде жүздесуді, Исламда өлуді қаласа, Исламда былай деп айтылғаның білсін: «Кімде-кім Исламнан басқа дінді қаласа, ол қабыл болмайды», - бұл дін – әрбір шын ниеті бар мұсылман білуі тиіс ұлылық, қадір-қасиет және сезімталдық (яғни, мұсылманның сенімі тарапынан шариғат пен оның ережелеріне болмашы ғана немқұрайлылық көрсетуге жол бермейтін) ең жоғары дәрежедегі дін. Сондықтан кім дінін құрметтесе, ең алдымен ол өзін құрметтегні; ал өзін құрметтемейтін адам ешқашан құрметті болмайды. Бұл дін сондай ұлы - оны дәріптеуге деген құлшыныстың жоқтығын кешірмейді, сондықтан адам қашан дінді сәл болсада елемесе немесе діннің қадір-қасиетін төменсітсе, Ислманан шығады.

Адамды күпірлікке итермелейтін, біздің заманымызда кең етек алған Ислам дінін менсінбеудің мысалы ретінде кейбіреулердің: «Мен бірінші кезекте түрік немесе арабпын, сосын мұсылманмын» деген сөздерін айтуға болады.

Мұсылман осы діннің қандай да бір парызын орындауға салғырттық танытса, бірақ сол үшін (істеген күнәсі үшін) өзін кінәлап шын жүректен тәубе етсе, ол тіпті Аллаһтың белгілеген шариғатынан жиі шығып кетсе де, ол өз дінің сақтап қалуы әбден мүмкін (жоғарыдағы шарттарды сақтай отырып), өйткені ол адамда иман бар. Бірақ Аллаһ харам еткен нәрселерге рұқсат еткен немесе Исламның қадір-қасиеті мен ұлылығын төмендететін адамның иманы толық деп айтуға болмайды. Мысалы, шарап ішіп күнә жасаған адам өзінің күнәсін шын мойындаса, мұсылман болып қалады, ал мысқылмен/келеке етіп: «Шарап ішкенде не болады?», - деген адам діннен шығады, тіпті оның ауызы шарапқа тимесе де. Ал кәдімгі суды шарап секілді ішкен адам үлкен күнәһар».

https://darulfikr.ru/articles/manhadzh/objazannost-vozvelichivat-islam/