May 1

Имам Мхуаммад имамның артында ұйып тұрған адам ықтият ретінде Фатиха сүресін оқығаны дұрыс деген сөзі рас па?

Имам Қасим ибн Қутлубуға әл-Мисри әл-Ханафи өзінің әйгілі «әт-Тасхих уә әт-Тарджих әлә Мухтасар әл-Қудури» (166-167 бет) кітабында айтты:

«Имам Мухаммад имамның артында тұрған жамағат ықтият ретінде Фатиха сүресін оқиды деп келген бірде-бір сөзі сахих емес. Керісішінше «әл-Әсар» (1/163-164) кітабында Имам Мухаммад айтты: «Имам намазды дауыстап оқысын, іштей оқысын, ешбір намазда имамға ұйыған адам Құраннан бір нәрсе оқиды дегенді біз білмейміз». Және сол кітапта (187 бет) тағы айтты: «Ешқандай намазда имам артында тұрған адам Құран оқымауы керек». «Әл-Худжа әлә әһли әл-Мәдина» кітабында (имам артында Құран оқу бөлімінде) айтты: «Намаз дауыстап оқылатын болсын немесе іштей оқылатын болсын, имам артында тұрған адам Құран оқымайды және солай көптеген хабарлар келген», - дегеннен кейін (Имам Мухаммад) Пайғамбардың ﷺ хадисін риуаят етеді: «Кімде-кім имамның артынан ұйып намаз оқыса, имамның оқыған Құраны оған жеткілікті» және Зәйд ибн Сәбиттен: «Кімде-кім имамның артында Құран оқыса, оның намазы жоқ»; хазіретті Омардан, оған Аллаһ разы болсын: «Имамға ұйыған адам Құран оқыған адамның ауызында тас болғанда еді!»; хазіретті Сағд ибн Әби Уаққастың: «Имамның артында Құран оқыған адамның ауызында оттан болған шоқ тас болсын»; Алқамадан: «Маған имамның артында Құран оқығаннан гөрі, қызып тұрған тасты тістегенім жақсы»; хазіретті ибн Омар имамның артында Құран оқу туралы сұралғанда: «Имамның оқығаны жеткілікті», - жауап берді және тағы: «Кімде-кім имамның артында намаз оқыса, имамның оқыған Құраны оған жеткілікті» және ибн Омар имамның артында Құран оқымағандығы риуаят етіледі және тағы басқа риуаятта: «Біреулеріңіз имамға ұйып намаз оқысаңыздар, оның Құраны сендерге жеткілікті»; хазіретті Джәбирден: «Кімде-кім намаз оықса және Фатиха сүресін оқымаса оның намазы жоқ, егер тек имамның артында оқымаса (яғни, имамның арртына ұйыған кезде ғана Фатиха оқымайды)»; әл-Қасим имамның артында Құран оқымайтын; Абдуллаһ ибн Масғуд имамның артында Құран оқу туралы сұралғанда, ол: «Үнсіз тұрып тыңда! Ақиқатында намаз Құран оқу және имамның оқыған Құраны саған жеткілікті» және (Абдуллаһ ибн Масғуд) имам артында дауыстап болсын, іштей оқылатын намаз болсын алғшақы және соңғы екі ракағатында Құран оқымайтындығы риуаят етіледі».