August 5

«Үшеуді Аллаһ жәннатқа кіргізуді харам етті:...»

Ибн Омардан жеткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ былай деді: «Үшеуді Аллаһ жәннатқа кіргізуді харам етті: ішімдікке салынған адам, ата-анасына қарсы келген адам және өз отбасысында арсыздыққа жол беретін дәиюс адам». Хадисті имам Ахмад пен ән-Нәсәи риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3655) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Аллаһ Елшісі ﷺ былай деді: «Үшеуді) яғни, үш түрлі адамды (Аллаһ жәннатқа кіргізуді харам етті) яғни, олар жеңіске жеткендермен бірге жәннатқа кірмейді: (ішімдікке салынған адам) яғни, үнемі ішімдік ішуді әдетке айналдырған, (ата-анасына қарсы келген адам) яғни, оларға бағынбайтын, оларды тыңдамайтын адам (және өз отбасысында) яғни, өз әйеліне, күңіне немесе басқа туыс махрам әйелдерге (арсыздыққа жол беретін дәиюс адам») яғни, зина және соған апаратын істер, мысалы: ішімдік ішу, жүніптен жуынбау сияқты басқа да арсыз істерге жол беретін ер адам. Ат-Тыйби былай дейді: «Бұл адам – әйелдерінен ұятты, арсыз нәрсе көріп, соған намыстанбайтын, оларды тоқтатпайтын, сол себепті отбасында арсыздыққа жол беретін ер адам».