Не жесең, соған ұқсайсың.
Ибн Қаийм әл-Джәузия әл-Ханбали «Мәдәридж әс-Сәликин» (1/404) кітабында айтты:
ومن الناس من طبعه طبع خنزير يمر بالطيبات فلا يلوي عليها ، فإذا قام الإنسان عن رجيعه قمه ، وهكذا كثير من الناس يسمع منك ويرى من المحاسن أضعاف أضعاف المساوئ فلا يحفظها ولا ينقلها ولا تناسبه ، فإذا رأى سقطة أو كلمة عوراء وجد بغيته وما يناسبها فجعلها فاكهته ونقله .
ومنهم من هو على طبيعة الطاوس ليس له إلا التطوس والتزين بالريش وليس وراء ذلك من شيء .
ومنهم من هو على طبيعة الجمل أحقد الحيوان، وأغلظه كبدا .
ومنهم من هو على طبيعة الدب أبكم خبيث وعلى طبيعة القرد .
وأحمد طبائع الحيوانات طبائع الخيل التي هي أشرف الحيوانات نفوسا ، وأكرمها طبعا وكذلك الغنم ، وكل من ألف ضربا من ضروب هذه الحيوانات اكتسب من طبعه وخلقه ، فإن تغذى بلحمه كان الشبه أقوى فإن الغاذي شبيه بالمغتذى .
ولهذا حرم الله أكل لحوم السباع وجوارح الطير لما تورث آكلها من شبه نفوسها بها ، والله أعلم .
«Кейбір адамдардың табиғаты доңыздың табиғатындай: олар жақсы нәрселерге мән бермей өтіп кетеді, ал қашан нәжіс көрсе, шауып барып ашкөздікпен жеп қояды. Көптеген адамдар да осындай: олар сенен естіген және көрген жақсы нәрселер жамандықтардан әлдеқайда көп болса да, оларды есте сақтамайды, таратпайды, әрі оларды қызықтырмайды. Бірақ бір кемшілік не оғаш нәрсе байқаса, соны іздегеніндей көріп, соны әңгіме қылып, жұртқа жайып жүреді.
Кейбіреулердің табиғаты тауыстың табиғатындай: оның бар мақсаты — құйрығын жайып сәндену ғана, одан басқа ештеңесі жоқ.
Біреулердің табиғаты — түйе тәрізді: жануарлардың ішіндегі ең өшпендісі, ең қатыгезі.
Біреулер аю сияқты: мылқау әрі арам. Кейбіреулер маймыл табиғатында.
Жануарлардың ішіндегі ең жақсысы — жылқының табиғаты: ол — табиғаты ең биік, мінезі ең көркем жануар. Сондай-ақ қой да солай. Адамдар осы жануарлардың бірімен жиі байланыста болса, соның табиғаты мен мінезінен үлес алады. Ал егер оның етін жесе, ұқсастық одан да күштірек болады. Өйткені адам жеген нәрсесіне ұқсайды.
Сол себепті Аллаһ Тағала жыртқыш аңдар мен жыртқыш құстардың етін жеуге тыйым салды. Себебі оларды жеу — адам бойына солардың мінез-құлқын сіңіреді. Аллаһ жақсы білуші».