Есіктер
Раяна мектептен келді. Есіктен анасы күтіп алды. “Күнім сол, келдің бе? Қалың қалай? Сабағың қалай?”,- деп қуана қарсы алды. Раяна сөмкесін бөлмесіне лезде апарып, қайта келді де, “Ана бәрі жақсы, бағана автобуста, үйге жеткізіп тастағанша, қыздармен сөйлестік. Әрқайсысы өз есімдерінің мағынасын айтып жатыр, менікін де айтып берші”, деп өтінді.
Анасы “Оо, қызым, сенің есіміңнің мағынасы жәннанттағы есіктің аты, шөлі қанған деген мағынаны да білдіреді. Алла Тағала жәннатқа адамдарды осы дүниеде қай жақсы істі, ғибадатты көбірек жасаса сол ісіне байланысты есіктен шақырады екен. Жәннатқа кіретін сегіз есік болады. Бір есіктен Садақа көп бергендер шақырылады екен. Сол кезде “Ей, Алланың құлы осы есіктен кір, мұнда көп берекет бар” дейді.
Екінші есіктен Алла разылығы үшін соғысға қатысқандар, үшінші есіктен көп намаз оқығандар, төртінші есіктен тәубе етіп, кешірім сұрағандар, бесінші есіктен қажылыққа барғандар, алтыншы есіктен сәлем беретіндер, жетінші есіктен білім, ілім алғандар, сегізінші есік осы Раян есігі одан көп ораза ұстаған адамдар кіреді.
Әр есік әдемі безендірілген деседі, Раян есігі қызыл жақұттар әдеміленген екен. Сен Рамазан айында тулыған едің, сен де Алланың сүйікті құлдарынан бол деп, “Раяна” деп қойдық”,- деді анасы. Раяна өз есімін мақтан тұтатын болды. “Менің еісімімнің мағынасы қандай керемет” деп ойлады ішінен.