A
@alua
21 posts

Оз елінің сиқыршылары

Баяғы өткен заманда Американың бір түкпіріндегі жалғыз үйде Дороти атты әдемі қыз апасымен бірге өмір сүріпті. Апасы таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыс істеп, үй көрмей ді екен. Ал немересі үйде жалғыз қалады. Сол себепті Дороти өзін бақытсыз сезінетін. Ол — адамдармен сөйлесуді, араласуды жақсы көретін кішіпейіл, мейірімді қыз. Оның бар қуанышы — Тото атты кішкентай қара күшігі еді. Дороти уақытын сол күшігімен ойнап өткізетін, сол кезде ғана өзін бақытты сезінетін. Күндердің бір күнінде апасы әдеттегідей жұмыста болатын. Бір кезде дала кенеттен түнеріп, қатты алайдүлей жел тұрады. Дороти күшігімен үйде ойнап отырған еді. Кішкентай қыз табан астында не болып кеткенін білмей сасады. Сүйікті күшігі — Тотоны бауырына басып, терезеден...

Есіктер

Раяна мектептен келді. Есіктен анасы күтіп алды. “Күнім сол, келдің бе? Қалың қалай? Сабағың қалай?”,- деп қуана қарсы алды. Раяна сөмкесін бөлмесіне лезде апарып, қайта келді де, “Ана бәрі жақсы, бағана автобуста, үйге жеткізіп тастағанша, қыздармен сөйлестік. Әрқайсысы өз есімдерінің мағынасын айтып жатыр, менікін де айтып берші”, деп өтінді.

Не үлкен?

Бір кедейдің үш баласының ортасында мал дегенде бір жалғыз өгізі болыпты. Өгіз орасан үлкен екен. Өгізді оттату үшін үлкені – басына, ортаншысы – беліне, кенжесі құйымшағына мініп, оттанады екен. Бір күні жайылымда жүргенде, өгіз оттамай қалыпты. Құйымшағында отырған кенжесі:   

Ақ тиін мен мысық ертегісі

Бір  күні ақ  тиін бұтақтан  бұтаққа қарғып жүріп,  ұйықтап жатқан қасқырдың  үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.Ақ тиін жалынып:      

"Жыл басы" ертегісі

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:

Жұмбақ шешейік!

1) Бұл не деген көп киім, Жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, Қабат-қабат тоны бар, Түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)

Жеті өнерпаз

Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның ұлы болмапты, жалғыз-ақ ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым атты  бір қызы болыпты.Қыздың сұлулығы сондай, қараған адам есінен танып қалады екен.       Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық  қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп  бола берген кезінде Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз шулап қала береді.      Бірнеше күнге дейін ханға естіртуге ел-жұрт бата алмайды. Бір ақсақалды шал келіп естіртеді. Хан есінен танып, тағынан құлап түседі. Ел-жұрты кетіп, тыныштық үйде  хан есін жиып, бақсы-балгер, қожа-молда жинайды, қызды олардың бірі де біле алмайды, бәрінен де жәрдем болмайды.        

Логикалық сұрақтар

1) Бір ананың үш қызы болады. Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады. Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.

Бақытсыз бай

Ертеде бір бай өмір сүрді. Оның туысқанынан да, баласынан да жинаған мал мүлкі мен ақшасы жақын еді.  Дүниесін баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады.  Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі  тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді "мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр” деген  жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.