December 19, 2019

Жұмбақ шешейік!

1) Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

2) Ағайынды бәрі:

Шықса-көк,

Түссе-сары.

(жапырақтар)

3) Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды.

(қайшы)

4) Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.

(бор)

5) Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.

(құмырсқа)

6) Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды.

(ұшақ)

7) Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.

(қант)