Күнтізбе
Сағат кешкі онға таяп қалды. Омар ата-анасымен бірге тарауих намазын оқып та алған болатын. Тарауих намазы, әсіресе, Әли мен Ряанаға қызық. Әдеттегіден ұзақ және ортасында өлеңі де бар. Бұл өлеңді Раяна мен Әли жаттап та алды. Қосылып айтады. Раяна өткенде анасынан мағынасын сұрап біліп те алды. Анасы бұл намаз да Алланың бізге берген ерекше сыйы, тек рамазанда оқылатынын түсіндіріп, ортасындағы дұғанын мағынасы: “Барлық патшалық және мүліктің иесі Алла пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет, үлкендік, және өктемдік иесі Алла пәк. Өлмейтін, мәңгі тірі патша Алла пәк. Өте пәк, тым кіршіксіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббы,әрі Жебірейілдің Раббы, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Алладан жарылқау тілеймін. Я, бір Алла! Сенен жәннат тілеймін және тозақ отынан сақта деп Саған сыйынамын” деп айтып берген.
Раянаның түсінгені, "Алла барлық кемшіліктен пәк, әрі сондай Патша, барлық әлемнің Раббы, періштелердің де, адамдардың да, басқалардың да, Алладан тозақтан сыйынып, Жәннәт сұраймын", ішінен өте керемет дұға екен деді. Омар осы кезде телефондағы ойынға кірісіп кеткен екен. Ұйықтайтын уақыт болды. Ертең таңертең сабақ, әрі сәресіне ұйықтап қалмау керек.
Өткендегі отбасылық жиналыстарында түнгі сағат 10да ұйқыға жататынын бекіткен еді. Бірақ Омар “Қаз, қазір, міне мына деңгейден өте салайын, міне мынаны жәңе салайын деп біраз отырып қалды. Әли ұйқыға кетті, Раяна да өз бөлмесінде, Омар әлі ойнап отыр.
Бір уақытта әкесі, телефонды алды да, Омар, маған қараш, сені әбден түсінемін қатты қызығып отырсың, бірақ ерте жату, уәдеде тұру, күнтізбенің белгіленген уақытына ұю - мұсылмандардың ең керемет белгілері. Себебі, Алла Тағала бәрін өлшеп белгілейтін уақыт жаратқан, уақытқа бағыну біздің парызымыз. Сен ойнап отырғанда қолыңнан уақыттың қалай құмша ағып жатқанын сезбей қаласың. Сондықтан ойынға да аз ғана уақыт бөл. Қоңырау қойып қой. Сол уақытта бітір, әрі қарай барлығын уақытылы жаса.
Алла Тағала күнді 1 минут кеш шығарса, немесе 1 күні ұмытып кетсе бұл әлемде қандай аласапыран басталатынын білесің бе? Тіпті сенің денеңдегі ұйқыға жауап беретін гармонның өзі 1 сағат кеш бөлінбейді. Ол туп тура сағат он мен он екінің арасында бөлінеді. Сен сол кезде ұйқыға жату арқылы өзіңнің денсаулығыңа, келесі күніңнің берекелі өтуіне, жақсы көңіл күйіңе, есте сақтау қабілетіңе қамқорлық көрсеткен боласың, ұлым.
Омар расымен де биологиядан бұл ақпараттың бәрін білетін. Дегенмен де, әкесінің еске салғаны қандай жақсы болды. Осы әңгіме уақытында тіпті ойын ойнағысы келмейтінін, жәй сол сәттік қызығушылықтың артынан еріп кеткенін түсінді. Енді ол өз уақытына өте ерекше мұқияттылықпен қарайтын болды.
Балақай, сен де ерте жатып, өз күнтізбеңе мұқият қара!