May 15, 2020

Періштелер

Раянаға анасы тарауих намазының дұғасын түсіндіріп отырған кезде Әли ойнап отырғанымен барлық есіл дерті анасының әңгімесінде еді. Оған ерекше қызық болғаны- періштелер. Осы пікірі ойында қалып кеткен болу керек, таңертең тұра сала анасынан: “Анашым, періштелер туралы айтып беріңізші. Кеше Алла Жәбірейіл періштенің де Раббы дедіңіз ғой. Олардың аттары бар ма?”

Анасы, Әлидің таңғы асын беріп жатып: “Иә, ботам, олардың аттары бар. Тіпті, періштелер өте көп екенін білесің бе? Олар соншалықты көп, адамды айнала періштелер қоршап жүреді. Ой, қара далада жаңбыр жауып жатыр, әрбір жаңбыр тамшысын жерге түсіріп жатқан періштелер бар, әрі сен ішімде болған кезде, сенімен бірге бір періште болды. Періштелердің әрқайсысың аттарын білмейміз, бірақ бізге білдірілген бірнеше періштелердің аттары бар,”- деді анасы.

Әлидің ботқасы дайын болып қалған екен, соны табаққа құйып назары ауып, әңгімесі үзіліп қалды. Әлидің қызыққаны сонша - “Анашым, әріқарай не болды, айтыңызшы”,- деп өтінді.

Анасы жалғастырып: “Тарауиx дұғасындағы аты кездесетін періште - Жебірейіл, ол Алланың елші періштесі. Пайғамбарымызға Алланың хабарларын жеткізіп тұрған. Оның қанаттары өте көп, көзбен қарағанда қанаттары аспанды жауып қалатындай алып екен.

Алла Тағала Микаил періштеге жаратылыстағы оқиғалардың, жер бетіндегі тіршілік иелерінің рызықтарын қадағалу міндетін жүктеген. Микаил періште жел мен бұлттарды да қадағалап, оларды қажетті жақтарға бағыттайды.

Перішетелер адамдар сияқты тамақ жемеді, олар әдемі хош иіспен қоректенеді және әрқашанда Аллаға құлшылық етумен болады. Біз олар туралы Құран Кәрімнен білеміз,- деп аяқтады. Әли сәл үнсіздіктен соң: “Ана біз оларды көре алмаймыз ба?”,-деп сұрады. Анасы: “Иә, балам, біздің көзімізге көрінбейді. Бірақ үйге қонаққа келуі мүмкін. Үйде көп Алланың есімдерін зікір етсек, кеше сен “Лә иләһә илаллаһ” деп зікір айттың ғой, сол кезде де періштелер, келіп тыңдайды. "Мына жақта Алланың аты еске алынып жатыр" деп, бір-біріне айтып, көп болып келеді. Тек үйімізді тап таза ұстауымыз керек. Себебі, періштелер лас үйге кірмейді”,- деді. Әли қатты қызығып, ойға шомып кетіпті. Анасының “Әли ботқаңды жеп ал, суып қалды”,- деген даусы оны ас үйге қайта алып келді.