Ас дұғасы
Әли бала бақшадан
“Тамақ беріп тойдырған,
Сусын беріп қандырған,
Және де бізді мұсылман қылған
Аллаға шүкір рахмет” деген сөздерді айқайлап айтып, үйге кіріп келді. Есіктен кірген әкесі де “Аллаға шүкір рахмет” деп қуанып Әлидің артынан қайталады. Анасы Әлиді қарсы алып, мерейлене сүйіп алды да, “Ботам сол балабақшадан жаттаған жаңа тақпағың ба?” деп сұрады. Әли “Жоқ бұл тақпақ емес, тамақ жеп болғаннан кейін айтатын ас дұғасы, ана” деп қайтадан:
Тамақ беріп тойдырған,
Сусын беріп қандырған,
Және бізді мұсылман қылған,
Аллаға шүкір рахмет” деп тақылдап айтып берді. Әкесі мен анасы әбден қуанды. “Жарайсың құлыным, енді ас батасын өзің бересің” деді әкесі.
Ауыз ашар асын аяқтағанда да Әли өзінің дұғасын айтып берді. Үйдегілердің барлығы "керемет" деп қол соқты. Омар сол кезде, “Әли, ас ішіп болғандағы дұғаң керемет екен. Тамақты енді ішіп жатқанда дұға айттың ба?”, деп сұрады. Әли бетін басып “Ұмытып кетіппін”, деді. Сонда Омар: “Тамақ жегенде ең бірінші “Бисмиллах” деп айту керек, бұл ас бастар дұғасы. Алланың атымен дегенді білдіреді. Негізі әрбір істі “Бисмиллах” деп бастау керек екен ғой, иә?!,"- деп Омар әкесіне қарады. Әкесі Омардың әңгімесін бөлгісі келмей, “дұрыс, дұрыс” деп басын изеді. Омар жалғасытырып: “Әрбір ісімізді Алланың атымен бастасақ, сол кезде береке болады екен, сонда әуелі зікір болу керек. Бұл - “Бисмиллах”. Тамақтың ортасында да пікір болу керек, ойлану керекпіз бұл тамақты не үшін жеп отырмыз, қандай пайда әкеліп жатыр, Алла қандай қамқор бізге осы дәмді сездіріп, жегізіп жатыр деп ойланған соң, аяғында шүкір, тура сенің дұғаң”,-Әлижан деді. Әли енді көп нәрсе үйренгендей сезінді. Әрқашан да “Бисмиллах” деп айтып жүрді.