May 10, 2020

Кітап сағаты

Балалардың кітап оқитын уақыттары бар. Әдетте кешкі асқа дейін жарты сағат отырып оқуды әдеттенген балалар Рамазан айында да кітап оқуды еш тастамады. Ауызашарға дейін кітап оқып, ұнаған жерлерін бір-бірімен бөлісетін.

Омардың оқып жүрген кітабінің аты “Ғибрат толы сандық”, Раянанікі “Әдеп әлемінде”, Әлидікі “Көңілді жауапқұмар”. Әли өзі оқи алмаса да, суреттерді қарап Омар мен Раянамен бірге оқиды. Балалар кітап оқығанның үлкен пайдасын мектепте көріп жүр. Себебі, кез келген сабақта өз оқыған кітаптарынан мысал келтіре алады, және сөйлегенде Омар да Раяна да таза тілмен, әрі жақсы сөздік қорымен, ойын дәл жеткізе алуымен ерекшеленетін. Екеуі де бұл қабілеттерін кітапті әрдайым оқып жүргеннен деп білетін. Ата-аналары да кітап оқығанның ойлау қабілеті жақсы дамитынын айтып жүретін. Омардың бүгінгі әңгімесі мынандай болды:

Баяғыда өмір бойы қалада тұрған, ауылдық жерлерді мүлде көрмеген екі ағайын болыпты. Бір күні ауылға баруды ұйғарыпты. Ауылда жүріп бір егіншінің соқа айдағанын көріп қатты таңданыпты. Бұл адам біресе алға, біресе артқа жүріп, топырақта үлкен ойықтар салып, не істеп жүр? Неге бұл әсем жерді бүлдіруде? − деп бір-бірінен сұрапты.

Түстен кейін қайта сол жерден өтеді. Бұл жолы егіншінің сол жерге бидай дәнін еккенін көрді.
-Енді не істеп жатыр? Бидайларды алып ойықтарға тастағаны несі? − деп бір-біріне сұрапты.
Ағайындардың біреуі:
- Ауыл мен өмір сүретіндей жер емес екен. Бұл жердегі адамдар бір қызық істер жасайды екен. Үйге қайтамын, − деп қалаға кетеді.
Ал екіншісі ауылда қалып, бірнеше аптадан кейін егістікте болған өзгерістерді өз көзімен көрді. Еш ойына кіріп шықпаған жасыл алқапты жапырақтар жерді жаулап алды. Уақыт жоғалтпай қалаға қайтқан бауырына хат жазды. Болған ғажайып жағдайды көзімен көруі үшін дереу қайтуын айтты.

Хатты ала сала қаладан оралған бауыры да, болған жағдайға таң қалды. Күндер, айлар өткен сайын жасыл алқап сарыға айналды.Сол кезде егінші егіндерін шаба бастады. Ағайындар енді осы жағдайды түсінбеді.

- Енді мұны неге жасап жатыр? Өсіру үшін соншалықты тер төкті, енді өз қолымен жоқ қылуда, − деді.

Қаладан қайтқан бұл бауырына қарағанда екіншісі сабырлы еді. Ауылда қалып егіншінің шөптерді жинап, қоймаға апарғанын, пішендерді ажыратып, кері қалған тоқымдарын ұқыппен дайындап сақтағанын көрді. Адамның бір қанар тоқымнан қаншалықты көп бидай шығарғанын байқап қуанды. Міне, енді, егіншінің жасаған барлық ісінің себебін түсінді.

- Алланың ісі де осылай болады. Жаратылыс иесі Оның жоспарының басын ғана көреміз. Алайда Оның мақсатының не екенін білмей жатып, қарсы келеміз. Расымен де, әрнәрсенің тез болып нәтиже беруін қалаймыз ғой,− деген ойға да шомылды.

Омар да бұл әңгімені оқып әбден ойланды. Өзінің сабырсыздықтарын еске алды.

Балақай, әңгімеден не түсінгеніңді ата-анаңа, бауырларыңа айтып талқылап көр!