May 13, 2020

Жүйелік

Бүгін ерекше күн ыстық болды. Дегенмен де балалардың оразасына кедергі болған жоқ. Балалар өздеріне берген сөздерінде аяғына дейін тұруға бел буды. Олар да Алланың разылығына бөленгісі келеді. Кешке барлығы сабақтан, бала бақшадан, жұмыстан үйге келіп, бір-бірімен қызу әңгімеге кірісіп кеткен еді.

Раяна жарқын даусымен: “Біз бүгін Жаратылыстану сабағынан паленаталарды өттік. Жер де бір планета екен ғой. Одан да басқа планеталар бар екен. Барлығы күнді айналып тұрады екен. Күн жұлдыз екен. Ең жарық жұлдыз! Егер жер күнге аз да болса жақындап кетсе, жердегілердің бәрі күйіп кетеді екен. Мәссаған, олардың барлығы көзге көрінбейді екен ғой. Олар қанша үлкен болсада, біз жәй көзбен аспанға қарап көре алмайды екенбіз,"-деді өзінің таңданысын жасыра алмай.

Омар: "Сендер соны енді өтіп жатырсыңдар ма, біз оны баяғыда өтіп кеттік, күннен жарық бізге 8 минут 25 секундта жетеді, ал жер мен күннің арасы 150 милион км,"- деді мақтана. Әкелері екеуін тыңдап отырып: "Омар, сен дұрыс айтасың. Бірақ бұл ақпаратты Раяна сенің жасыңа жеткен кезде білетін болады. Ал қазір өз жасында осыны ғана өтіп отыр. Раяна сенен 4 жасқа кішкентай, оның ақпараты 3 сыныптікіне сәйкес. Бұны жүйе дейді. Сендердің білім беру жүйелеріңді де үлкен мұғалімдер жасаған, жас ерекшелігіне сәйкес, балалардың қабылдау ерекшелігін ескерген. Сол сияқты бұл әлемде өте көп жүйе бар. Оның бірі Раяна айтып тұрған Күн және 9 алып планетадан тұратын Күн жүйесі. Біздің үйде де жүйе бар, ас үйде тамақ ішетін заттар, жатын бөлмеде ұйқыға керек төсек, жастық, ал залда сендердің ойыншықтарың, үлкен үстел, орындықтар, жуынатын бөлмеде жуынуға керек заттар бар, оларды кім құрастырды? Омар мен Раяна сіздер деді, иә, бірақ әуелі құрылысшылар, ішін жүйелеп, жиҺазға толтырған біз, әдемілік беріп, үйлестірген аналарың,"-деді.

"Біздің жасамаған қаншама жүйе бар: Күн жүйесі, планеталар жолдарын сызып қойған сияқты әдемі үйлесімділікпен, адаспай, бір-біріне соқтығыспай жүреді, Қан айналым жүйесі, адам ішіндегі қан еш жерде тұрып қалмай айналып отырады, жаңбыр жауу жүйесі жердегі су буланып, бұлтқа айналып, қайта жаңбыр болып жерге жауады,"- деді.

Әлидің есіне өткенде анасы айтқан ертегі түсіп, "Оларды жаратқан Алла тағала",- дейді. "Иә, ботам, дұрыс айтасың. Бұл жүйенің бір иесі болғаны анық. Себебі, бұл жүйелерді біреу жаратпаса, өзінен өзі болмайды. Мына үйде жиһаздарды біз орналастырмасақ, ол өзінен-өзі тұра қалмайды ғой, тіпті өзінен өзі тұра қалса, мыналарды кім орналастырған деп таңғаламыз. Яғни, Алла тағала бір тек жаратушы, өзінің жүйесімен адамдарды да бір реттілікке, жүйеге бағындырып тұр. Одан адамдар тек жақсылық көруде. Әйтпесе, жүйесіз біз қашан күн батып, таң ататынын, қашан қыс болып, жаз келетінін білмей, миымыз ашушы еді. Алла қандай ұлық десеңдерші! Сондықтан балам Омар, білім алудың да, берудің де жүйесі бар екенін ұмытпа,"-деді әкелері.

Омарға әкесінің әңгімесі қатты ұнады, Раяна кішкентай болып, бірнәрсені білмесе немесе қолынан келмесе кемсітіп, ренжітпеймін енді деп бекінді, Алланың ерекше қамқор болғанына тағы да шүкір деді.